Әлем • 22 Мамыр, 2020
Әлемдегі ахуалға шолу: Ауғанстанда вирус жұқтырғандар саны 9 мыңнан асты
Бұл топтамада әлемнің 188 елінде тараған COVID-19 вирусына қатысты соңғы жаңалықтарды жариялап отырамыз. 22 мамырда Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 5 102 573, өлім саны - 332 924, айыққандар саны - 1 948 746 адам болды (жаңартылған уақыты 10:10).
Аймақтар • 22 Мамыр, 2020
Алдымен ақсақалдарға сәлем берді
Ғани Нығыметовтың Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалғанына көп бола қойған жоқ. Қазір ол халықпен, елмен, жермен танысу үстінде. Алдымен облыстың ең шалғай аудандары - Ақжар мен Уәлиханов аудандарына барып қайтты. Алғашқы сапарын Алаштың арда перзенттерінің бірі Смағұл Сәдуақасовтың туған жерінен бастағанына солтүстікқазақстандықтардың іші жылып қалды.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2020
Шымкентте 7 мыңға жуық түлек ҰБТ тапсыруға онлайн өтініш білдірген
Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы бойынша онлайн режимде жиын өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2020
Қостанайлықтар жаппай электронды қолтаңба ала бастады
11 мамырдан бастап қайта жұмыс істей бастаған Халыққа қызмет көрсету орталықтары алғашқы он күн ішінде аймақ тұрғындарына 22 142 қызмет көрсеткен. Тұрғындардың дені ХҚКО-ға электронды қолтаңба алу үшін келеді екен. Мәселен, соңғы онкүндік ішінде 5 706 ЭЦҚ ресімделіпті.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2020
Шымкентте көмекке мұқтаж 200 отбасыға азық-түлік таратылды
Рамазан айында халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында әл-Фараби ауданы Забадам, Сауле, Химфарм шағынауданы және 195 орамның тұрғындарына көмек берілді.