Аймақтар • 29 Мамыр, 2020
Сәтбаев университеті ең үздік техникалық ЖОО рейтингінде көш бастады
Қазақстанның үздік техникалық университеттерінің ұлттық рейтингін тағы да Сәтбаев университеті бастап тұр. Білім беру сапасын қамтамасыз етуде тәуелсіз қазақстандық IQAA-Ranking агенттігінің бағамы бойынша Satbayev University университеті 99,35 балл жинаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда жоғары көрсеткіш.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2020
Шығыс Қазақстан: Семейде ХҚО жұмысы жанданады
Шығыс Қазақстан облысының бас санитарлық дәрігерінің шешімі бойынша 1 маусымнан бастап Семей қаласының барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмысын қайта бастайтын болды.
Президент • 29 Мамыр, 2020
Қазақстан Президенті «Astana Ceramic» ЖШС-не барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында керамикалық тас пен кірпіш өндіретін «Astana Ceramic» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Экономика • 29 Мамыр, 2020
30-40 пайыздық өсімге қаржы пирамидалары ғана уәде береді
Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан 5 мыңға жуық азамат биткоиндермен айналысатын инвестициялық компания – криптовалюта пирамидасының тұзағына түсіп қалды. Құқық қорғау орындары келтірілген зиян көлемі 37 млн АҚШ доллары деп отыр. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев бүгін онлайн жиында қаржы пирамидасының негізгі белгілері туралы айтып берді.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2020
Түркістан: Мұғалімдер міндетіне кірмейтін жұмысқа тартылмайды
Түркістан облысының мектеп мұғалімдері «Педагог мәртебесі туралы» Заң аясында қағазбастылықтан арылып, кәсіптік міндеттеріне кірмейтін жұмыс түрлеріне тартылмайды. Егер де ондай жағдай орын алса, мектеп басшылығы жауапкершілікке тартылады.