Қоғам • 29 Мамыр, 2022
Туды қорлағандарға тыйым бола ма?
Соңғы 3-4 күннен бері әлеуметтік желіде Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында болған концерттің айналасында туындаған дау да, ашу да, халықтың талабы да толастар емес. Қоғамның қызу талқысына түсіп, ел алдында жүрген кей азаматтардың ызасын туғызғаны – «Ирина Кайратовна» деген топ пен «Шиза» дейтін «әншінің» сахна төрінде Туды умаждап тұрғаны, онысымен қоймай сахнада тұрып тексіздігін көрсеткені еді.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2022
Біз бе? Біз қараңғыдан қорқып отырған бала сияқты едік. Бабаларының мұраларын көрсетіп, бай баласындай шалқаятындардың әлемдік ортасында, «сондай бабамыз бар ма еді?» деп біз тарихтың қараңғысына үңілдік-ай келіп. Әйтеуір бұта қуалаған бұратана еместігімізді сезетінбіз. Сондай кезде күңгірт тартқан тарих-табалдырығымызды қақ жара Орхон ескерткіштерінің сәулесі кіріп келгенде, алшаң басып әке-шешеміз кіріп келгендей жылап жібердік. Әрине, іштей! Қуанғанымызды көрсетуге қорықтық!
Оқиға • 29 Мамыр, 2022
Павлодар облысында уланған жетінші адам көз жұмды
Павлодар облысында белгісіз ішімдіктен уланғандардың жетеуі де көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2022
Ұлт рухы – ұрпақ мұраты Қазақстанның І мәдениет форумы өтті
Мәдениеттің алтын бесігі Алматы шаһары екі күн бойы заманауи мәдени үдерістің ең маңызды мәселесін талқылаған ашық диалог алаңына айналды. Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен тұңғыш рет өткізілген Қазақстанның І мәдениет форумы музыка, театр, кино, кітапхана, музей, архив секілді руханият саласында қызмет ететін 500-ге жуық өкілінің басын қосып, жаһандану жағдайындағы мәдени құндылық және оның қоғамға әсері, мәдениет дамуының бағдары туралы өзекті ойды ортаға салып, шешімін бірлесе іздеп, талқылады.
Референдум • 29 Мамыр, 2022
Бесінші өзгеріс бұрынғыдан өзгерек
Алғаш қабылданған 1995 жылдан бері төрт рет өзгеріс енгізілген ел Конституциясы тағы бір жаңғырудың табалдырығында тұр. Демек, бесінші өзгеріс бұрынғыдан өзгерек. Өйткені Қазақстан халқы Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді референдум арқылы таңдауға мүмкіндік алып отыр. Кеше Атырауда өңіраралық көшпелі отырысын өткізген референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штаб төрағасы Төлеубек Мұқашев бұл өзгерістің осындай маңызына екпін түсірді.