Өнер • 16 Мамыр, 2024
Би – адам еркіндігінің көрінісі. Кісі баласы биге бар ықыласымен берілгенде ғана өзін толыққанды еркін әрі тәуелсіз сезінеді екен. Мұны жаһандық деңгейдегі ғалымдар айтады. Тағдырын би өнеріне байлаған Шара Жиенқұлованың ізетті сіңлілері аз емес. Қазақ арулары қазіргі кезде ұлы өнерді кәсіби түрде меңгеріп, халықаралық байқауларда жасындай жарқырап жүр. Олардың бағындырған биігінен алмаған асуы көп. Әйтсе де алға қойған арман-мұраты айқын.
Таным • 16 Мамыр, 2024
Қазақ есімдері: астарлы ақиқат
Есім – адамды атайтын тілдік құрал. Күнделікті өмірде оны жеке иесінен гөрі, сырттайғы адам көбірек қолданады. Психологиялық басымдыққа ие, сондықтан «жақсы есім – жан тынысы» десек қателік болмайды. Жақсы есімді айтқанда айтушы да, тыңдаушы (есім иесі) да сүйсінеді. «Жақсы» десе жан семіреді» демекші, тілде жақсы есімнің бар болуының өзі адамға сүйініш сыйлайды.
Қоғам • 16 Мамыр, 2024
Құлсары тұрғындары мамандардың залалды бағалау нәтижелерін оң қабылдап отыр
Құлсары қаласындағы залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссиясы залалды бағалау нәтижесімен келіскен тұрғындардың алғашқы легінен өтініштер қабылдады. Мәдениет үйінде бұған дейінгі жүргізілген бағалауларға сәйкес, өтемақы төлемдерін рәсімдеу үшін азаматтарды қабылдау басталды. Алғашқы 6 отбасы залалдың орнын толтыру мақсатында төленетін өтемақыны алу туралы шешім қабылдады. Өтемақы тұрғындарға 14 күн ішінде төленетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының Төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы мәліметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 16 Мамыр, 2024
Шайзада Әбдірахманқызының Қобда бетіне келін болып түскеніне 45 жылдың жүзі бопты. Уақыт-ай деші... кеше ғана желегі желбіреп 22 жасында алыс елге ұзатылған жас ару бүгінде жапырақ жайған бәйтерек сияқты үлкен әулеттің тірегіне айналды. Жақында ғана ел жаққа барған сапарымызда құлақ естіп, көз көрмеген бейтаныс өлкеге келін болып түсіп, жартығасырлық ғұмырында адамгершіліктің туын жықпай, ағайын арасында «керемет келін» атанған апамызбен тілдесіп, шүйіркелесіп қайттық.
Жансарай • 16 Мамыр, 2024
Халқымыз ер-азаматты отағасы, шаңырақтың иесі десе, әйел-ананы отбасының алтын қазығы, ұйытқысы, құт-берекесі деп мәртебесін көтерген. Сондай-ақ әйелді өмірдің тірегі, махаббаттың шырақшысы деп жоғары бағалаған. Шындығында мұның бәрі әйелге, әйел-анаға қатысты данышпандықпен дәл тауып айтылған сөздер екендігін күнделікті тұрмыс-тіршілігімізден көріп жүрміз.