Жәдігер • 11 Мамыр, 2024
Қимақ қағанаты ескерткіштері: Кереку тарихын тереңдетеді
Ел аумағында, соның ішінде Ертіс-Баян жерінде ежелгі түркі халқының өркениетіне қатысты құнды жәдігерлердің табылып жатқаны тарихымызды жаңаша тұрғыда сөйлете бастады. Қимақ қағанаты астанасы – Имақия Кереку төңірегінде болуы мүмкін деген ғылыми гипотеза жақын жылдарда шындыққа айналып келеді. Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті Археологиялық зерттеулер институтының директоры Тимур Смағұловпен ежелгі Қимақ қағанатына қатысты табылған археологиялық олжалар туралы сұхбаттастық.
Аймақтар • 11 Мамыр, 2024
Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, жастар мен еріктілер су басқан өңірлерге гуманитарлық көмектің үшінші партиясын жіберді. Қайырымдылық акциясына облыс басшысы мен өңірдің этномәдени орталықтары өкілдері қатысты.
Басылым • 11 Мамыр, 2024
Қазақ жауынгерлерінің рухын көтерген басылым
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында шамамен қазақ тілінде 15-ке жуық қазақ басылымы шығып тұрған. Соның бірі – «Алға жауға қарсы» («Жауға қарсы аттан») газеті. Кеңес әскерінің жауынгерлік рухын көтеруге арналған басылымда қазақ солдаттарының ерлік істері мен тылдағы еңбеккерлер жайында кеңінен жазылған.
Тағзым • 11 Мамыр, 2024
«Жас ақын Абдолла Жұмағалиев батырлық туралы жазуды сүюші еді. Оның геройлары тамаша ерліктер жасауға ұмтылатын. Соғыс ақынның өзін де шығармаларындағы геройлары сияқты батыр, табанды солдат етіп шығарды». «Социалистік Қазақстан» газетінің 1943 жылғы 13 қаңтар нөміріндегі осылай басталатын шағын мақала ақынның майдандағы ерлігін еліне әйгілеген еді. Жерлестеріне, қаламдас жолдастарына ғана емес, ержүректік оқиға бұдан екі күн бұрын «Правда» газеті арқылы бүкіл одаққа мәлім болған-ды.
Тағзым • 11 Мамыр, 2024
Майдангерлердің 9 мамырға арналған шеру сапындағыларға күн салып қарап отыратыны кеше ғана сияқты еді. Сәлден кейін қаз-қатар тізіліп барып, соғыстан қайтпай қалған қаруластарының есімі қашалған тасты аялай сипап, жанарлары жасаурап тұратын. Бүгінде Сыр өңірінде соғыс соқпағын басып өткен осы қарт майдангерлердің төртеуі ғана қалыпты. Солардың бірі – Әбдірахман Бәйтіков.