Тұлға • 09 Мамыр, 2024
Адамның дидары – айна. Оған ойлы көзбен барлай қарасаң, көп жағдайда жарық жұлдыздай жан дүниесін, пейіл-ниетін білуге болады. Бірақ мұны сол адамға дос-жар көңілмен ақиқат осы деп, көбінде айта қоймаймыз, тіпті жақсылығын бүгіп қалып, қимайтынымыз да бар. Дидары мен жан дүниесі тең түскенге тәңірім қалауын беріп, пейілін кең етеді. Ондай адам арлы болып келеді. Керісінше, біреулердің мансабына бас ұрып, табаны тайған күні «қызмет қолдың кірі екен ғой» деп жалт береміз. Шындығына келгенде, ары бар, адамдық қасиетін берік ұстаған кісі қызмет қолдың кірі екенін, тізгін қолға тиген күннен сезеді, ертең жылы орнынан жылыстап кететінін біледі, жұрт ортасына қайтадан оралатынын аңғарады. Осыдан келіп, бәріне сын көзбен қарайды. Әрине, бұл көп адам түйсіне қоймайтын құпия, құпияны түсінбесең желік жел бергенде желпіндіріп жіберетін, артынан сан соқтыратын да жағдайы болмай қоймайды. Оны ұққан пенде ешқашан кенде болған емес. Оның сыннан сүрінбей өткен адамның қай кезде де жүзі жарық, үлгісін үкілеп ұстауға тұрады.
Таным • 09 Мамыр, 2024
Жапон құбылысының сегіз қағидасы
Ли Куан Ю сынды абыз тұлға жер көлемі жағынан әлемде 171-орында тұрған Сингапур сынды әрі қала, әрі арал мемлекетті небәрі 30 жылдың ішінде жер бетіндегі ең дамыған дара мемлекеттердің қатарына қосқан. Оның: «Мемлекеттің ұлылығын тек жер көлемі айқындамайды. Ұлылықты жұдырықтай жұмылған халықтың жігері мен бірлігі, табандылығы мен тәртібі және сол мемлекетті құтты мекенге айналдыруға ұмтылған ұлтжанды көшбасшылардың сапасы сомдайды» деген дана пікірі бар. Бұл пікірдің өміршеңдігін, әсіресе Жапония сынды арал-мемлекеттің болмыс-бітімі дәлелдей түседі.
Кино • 09 Мамыр, 2024
Соғыстың сұрапыл жылдары... Қан майданның ортасында жүру былай тұрсын, ол туралы ойлаудың өзі күні бүгінге дейін ауыр. Қан майданда қаншама боздақтың қыршыннан қиылғанын ойлағанда жүрек әлі сыздайды. Иә, ешкім де, ештеңе де ұмытылмауға, адамзат сол қателіктен сабақ алуға тиіс. Ал сол бір отты жылдар бейнесі тасқа қалай басылды? Қазақ батырларының ерлігі экранда өз деңгейінде бедерлене алды ма?
Аймақтар • 09 Мамыр, 2024
Керекудегі Ертіс-Успен каналының құрылысы биыл күзге дейін аяқталады деп күтіліп отыр. Жаңа каналдың арқасында 10 мың гектар жерді суаруға болады. Нәтижесінде, жылына қосымша 500 мың тонна ауылшаруашылық дақылдарын өндіру мүмкіндігі бар.
Мәселе • 09 Мамыр, 2024
Кеден бекетінен әрі-бері өткенде кедергі көп, кейде кептеліс бар. Оның бәрі дерлік кеден бекетінің берік ереже-тәртібін білмеу мен түсінбеудің салдары. Жеке тұлға шекарадан тауар өткізгенде ол зат қандай жағдайда жеке пайдалануға арналған болып есептеледі? Онда қандай тыйымдар мен шектеулер бар? Бұл жөнінде жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден бекетінен өткізу тәртібіне қатысты өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.