Әлем • 01 Мамыр, 2019
Кеше еліміздің Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Хорватия Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы және еуропалық істер министрі Мария Пейчинович-Буричпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын және халықаралық мәселелерді талқылады.
Руханият • 01 Мамыр, 2019
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша бітіріп, әдебиеттану ғылымының асқан білімпазына айналған ғалым қайраткерлер бар, ақындық өнердің өріне шыққан өнерпаздар да аз емес. Ал енді университетті журналистика мамандығы бойынша бітіріп, түркология ғылымының түркі тілдері бойынша тұрлаулы тұлғаларының бірі Қазақстан ғылымында, қателеспесем, жеке-дара біреу ғана. Сол жеке-дара саңлақ – Берікбай Сағындықұлы.
Аймақтар • 01 Мамыр, 2019
Қазақ тілін жүрегімен үйренетін ғалым
Қостанайдың зиялы қауымының арасында Денис Качеевтің жас та болса өзіндік орны бар. Жас ғалым, философ ретінде оны көпшілік жақсы біледі. Еліміздің саяси-экономикалық өміріндегі маңызды оқиғаларға, қоғамдық-мәдени өзгерістерге қатысты дер уақытында айтқан айшықты пікірлері көңілден шыққан соң, көпшілік оған құлақ асады.