Мәселе • 04 Мамыр, 2024
Шығынды өтеу өлшемі – әділеттілік
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл еліміздің бірқатар өңірінде болған алапат су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың ешқайсысы ескерусіз қалмайтынын, оларға қаржылай көмек көрсетіліп, материалдық шығындары толық өтелетінін мәлімдегені белгілі. Ал Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар осы сын сағатта бекем бірлік көрсеткен халқымызбен бірлесіп, қарғын судың бетін қайтару үшін қолдан келгеннің бәрін істеп жатыр.
Білім • 04 Мамыр, 2024
Оқушылардың жазғы демалысы жақындап қалды. Балалардың каникул уақытын тиімді, пайдалы, бастысы қауіпсіз жағдайда өткізуіне қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Осы және өзге де маңызды сұрақтарға жауап іздеп көрдік.
Талбесік • 04 Мамыр, 2024
Орманды қорғауды әр сәт ойлаған жөн
Былтыр маусымда Абай облысы аумағында болған өрт 63 мың гектар жерді шарпыды. Бұл еліміздегі орасан зиян келтірген төтенше жағдайдың бірі деуге болады. Сан соқтырып, ескерусіз қалған тұстар есімізді екеу, түсімізді төртеу қылып әуре-сарсаңға салғаны түсінікті. Ал биылғы қауіпті кезеңнің құлағы қылтиып келе жатқанын ескерсек, жаттығуымыздың жинақы, өрт сөндіру қондырғыларының сақадай сай тұрғанын тілейсің.
Аймақтар • 04 Мамыр, 2024
Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ғарыштық зерттеулер бағытындағы халықаралық сайыста жүлде алды. Жас өнертапқыштар жасаған «Атлас» аппаратына қазылар алқасы ерекше қызығыпты.
Ұлттық спорт • 04 Мамыр, 2024
Көшпелілер ойындары AIPS-те насихатталды
Испанияның Санта Сусанна қаласында Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығының (AIPS) 86-конгресі өтті. Конгресс аясында Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының бағдарламасы таныстырылды.