Ауыр атлетика • 28 Мамыр, 2021
Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының кезекті күнінде ел қоржыны екі жүлдемен толықты.
Үкімет • 28 Мамыр, 2021
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында депутаттар бірқатар заң жобасын талқылады. Сондай-ақ Президенттің Жоғарғы Соттың судьясын қызметінен босату туралы ұсынуын қарады. Судья Лариса Шепелева отставкаға кетуіне байланысты қызметінен босатылды.
Тарих • 28 Мамыр, 2021
Қостанайда «Алаш тарихынан тағылым: Әлихан Бөкейхан және Тобыл-Торғай өңірі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында ZOOM платформасында өткен жиынды А.Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университеттің «Рухани жаңғыру» кеңсесі ұйымдастырды. Басқосуға Дихан Қамзабекұлы, Айгүл Ісмақова, Сұлтан Хан Жүсіп, Зиябек Қабылдинов сынды белгілі алаштанушы ғалымдар қатысты.
Парламент • 28 Мамыр, 2021
Парламентаралық байланысқа басымдық
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Бельгия Корольдігі Федералдық Парламенті Өкілдер палатасының Спикері Элиан Тильёмен бейнеконференция форматында кездесу өткізді, деп хабарлады осы Палатаның баспасөз қызметі.
Бокс • 28 Мамыр, 2021
Үш күнде төрт боксшымыз жеңіліп қалды
Дубай (БАӘ) шаршы алаңында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының ширек финал бәсекелері өз мәресіне жетті. ¼ финал қорытындысы бойынша, алты былғары қолғап шеберіміз жартылай финалға жолдама алды. Демек сары құрлық бәсекесінде осынша боксшымыз жүлдегерлер қатарынан көрінеді.