Өнер • 31 Мамыр, 2022
Өзі де, өмірі де тұтатсымен биге айналып кеткен әсем әлем иесі Шара Жиенқұлованың туғанына биыл ғасыр толды. Көзі тірісінде-ақ ізінен аңыз ерген ерке қыздың ұлттық кәсіби би өнерінде тұңғыш та дара жолды салып қана қоймай, оның даму жолында да сіңірген еңбегі ерен. Бүгінде Шара десе ойымызға ең бірінші суретші Гүлфайруз Ысмайылова қылқалам тілінде кестелеген әйгілі «Қазақ вальсі» картинасындағы он саусағы майысып жүзінен нұр шаша күлімдеп тұрған көркем бейне орала кетері хақ.
Өнер • 31 Мамыр, 2022
Ақанның әнін «әрлеген», Үлебайдың әнін «үптеген»
Григорий Потанин «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» дегенді бекер-айтпаған-ау... Расында да ұшқан құстың қанаты, арындап шапқан тұлпардың тұяғы талатын байтақ даламыздың өзі тұнып тұрған ән емей немене?!
Қазақстан • 31 Мамыр, 2022
Құрбандар есімі ұмытылмауға тиіс
Алматы халқы арада жүз жыл өтсе де қасіреттің жасы әлі құрғамағанын көктен көздің жасы тамғандай нөсерлете жауған жаңбырдың астында тұрып сезінді. Жыл сайын 31 мамырда ашқұрсақ баласын құшақтап, аштықтан әлсіреген ананың бейнесіндегі саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына орнатылған ескерткіш түбіне жиналатын шаһар тұрғындары атаулы күнге орай зұлмат жылдары опат болған асыл бабаларын еске алды.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2022
Қостанайдағы машина жасау зауытында Алаш көсемі Әлихан Бөкейханұлының мұрасын зерделеп, насихаттау мақсатында «Бөкейханұлы оқулары» атты іс-шара өтті. Жиынға тарихшы ғалымдар, қоғам белсенділері, мұғалімдер мен студенттер, сондай-ақ зауыт басшылары мен автокөлік құрастыру цехының мамандары қатысты.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2022
Қарағанды облысында көкпардан чемпионат өтті
Бұқар жырау ауданындағы Петровка ауылында көкпардан 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қарағанды облысының чемпионаты өтті, деп жазады Egemen.kz.