Тara Air компаниясының өкілі Сударшан Бартхаулуның айтуынша, ұшақ тауға соғылып, толығымен қираған. Құтқарушылар мәйіттерді апат орнынан 100 метр жерден тапқан.
Еске салсақ, Непалда 22 жолаушысы бар ұшақ жоғалып кеткен еді. Олардың екеуі германиялық, төртеуі үндістандық, қалғаны - непалдықтар. Ұшақ туристік Покхара қаласынан көкке көтерілгеннен кейін 15 минуттан соң байланыс үзілген.
Ұшақтың құлауына ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін деген болжам бар.
Салтанат Кенжебай