Жаңа көпір мемлекет астанасы Ханойдың солтүстік-батысында орналасқан Сон Ла провинциясында пайда болды. «Ақ айдаһар» деп аталатын көпірдің ұзындығы 632 метр. Оның үстіне қалыңдығы 40 миллиметрлік шыны үш қабатталып төселген.
Жоба авторларының айтуынша, бұл жолмен бір уақытта 450 адам өте алады.
Вьетнамдағы жаңа нысан әлем рекордын жаңартып, Гиннес рекордтар кітабына енді.
Айта кетсек, бұған дейінгі рекорд Қытайдағы көпірге тиесілі еді. Оның ұзындығы 523 метр.
Салтанат Кенжебай