Аймақтар • 25 Мамыр, 2018
БАӘ инвесторлары Атырау облысында жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты
2018 жылғы 24 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірлігіне ресми сапары аясында Атырау облысында газхимиялық жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық жөнінде маңызды құжатқа қол қойылды.
Білім • 25 Мамыр, 2018
Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып, соңғы қоңырау үні де сыңғырлады. Соңғы қоңырау үнінің өзіндік сыры бар. Бұл – балалық балдәуреннің бір белесі. Енді аз кем күннен соң емтихан науқаны аяқталып, мұғалімдер мен оқушылардың асыға күткен жазғы демалысы да басталады. Қолың жетсе, жазғы лагерьде жаңа достар тапсаң да, ауылда ата-әжеңнің жанына барып асыр салсаң да, алысқа ұзамай ата-анаңа қолғабыс етсең де айрықша қуаныш. Әне, демалыс деп соны айт! Ал биыл орта білім алып шыққан 147 мың мектеп бітіруші үлкен өмірге қадам басты. Олардың арманы биік, көңілі алаң. Өйткені қорытынды аттестаттау, одан кейін ұлттық бірыңғай тестілеу һәм мамандық таңдау сияқты жауапты кезең күтіп тұр. Сондай-ақ категориясын көтеруді қалаған мұғалімдер де жаңа форматтағы біліктілік тестілеуінен өтеді.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2018
Қызылорда облысында қосалқы станцияның құрылысы аяқталды
Сырдарияның сол жағалауындағы жаңа қалашықты электр құатымен қамту мақсатында қуаттылығы 32 мВт жабық трансформаторлық қосалқы станциясының құрылысы аяқталды.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2018
«Сыр дарыны» медалімен марапатталды
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев дарынды жастармен кездесіп, алдағы өмірлеріне сәттілік тіледі.
Қазақстан • 25 Мамыр, 2018