«Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді» деп Елбасымыз айтқан. Сіздердің білім алуларыңыз үшін бар жағдайды жасалып жатыр. Биыл сіздерде аянбай еңбектеніп, халықаралық және республикалық байқаулар мен олимпиадаларына қатысушы ретінле 9 алтын, 15 күміс және 22 қола медаль алдыңыздар. Енді ҰБТ ойдағыдай тапсырып, армандаған мамандықтарыңызға қол жеткізулеріңізге тілектеспін, - деді облыс әкімі.
Кездесу барысында аймақ басшысы балалардың сұрақтарына жауап берді.
Білім алудағы тамаша табыстары үшін түлектерге «Сыр дарыны» медальдары мен сыйлықтар табысталды.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
Қызылорда облысы.