Аймақтар • 25 Мамыр, 2018

Қызылорда облысында қосалқы станцияның құрылысы аяқталды

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сырдарияның сол жағалауындағы жаңа қалашықты электр құатымен қамту мақсатында қуаттылығы 32 мВт жабық трансформаторлық қосалқы станциясының құрылысы аяқталды. 

Қызылорда облысында қосалқы станцияның құрылысы аяқталды

- Нысанның құрылыс материалдары мен элементтері қолдануда ыңғайлы әрі қауіпсіз және Цельсий бойынша -40 пен + 40 градус температурасында жұмыс істейді, ол біздің ауа райында өте маңызды шарт. Трансформаторлардың сырты өртенбейтін материалдардан жасалғандықтан, өрт шығуға жол бермейді және сыртқы от көзі салдарынан басталған өртте улы газ шығармайды. Сондай-ақ, қосалқы станция ылғалдылық әсерінен қорғалған әрі пайдалану шығындары аз, дыбыс және вибрация деңгейі төмен және сандық технологиялардың көмегімен басқарылады. Мұнда диспетчерлік басқару, байланыс каналдары арқылы телеақпарат жіберу және электр қуатын тұтыну есебі қарастырылған, - дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Үсейн.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Қызылорда облысы.