Тағайындау • 28 Мамыр, 2024
Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен ведомство аппаратының басшысы болып Төлеген Қапсалықұлы Сәрсембаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің мәліметіне сілтеме жасап.
Президент • 28 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы ГФР Федералдық канцлерімен телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан Президенті ГФР Федералдық канцлері Олаф Шольцпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 28 Мамыр, 2024
Жетісу облысында 6 жаңа су қоймасы салынып жатыр
Жетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Ақсу, Алакөл, Панфилов, Көксу, Ескелді аудандарында 6 жаңа су қоймасын салу жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 28 Мамыр, 2024
Сенаторлар фермерлердің мәселелерін шешу жолдарын ұсынды
Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану, ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары бірнеше министрліктердің және Түркістан облысы әкімдігі өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Мамыр, 2024
Ұлттық құрылтай 2024: Бастамалар қалай іске асып жатыр?
Бұған дейін ұлт ұясы Ұлытауда, екінші рет түркі әлемінің рухани астанасы - Түркістан төрінде жұртты жинаған Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы Хан ордалы Сарайшық іргесіндегі Атырауда, көрісу күнімен тұспа-тұс келді. 2024 жылдың 14 наурызында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» идеясымен ұлт болашағын бейнелеп, елді алға жылжыту үшін идеологиялық тұғырнама іспеттес алты құндылықты атап өтіп еді. Осы ұлы жиыннан бері көп уақыт өткен жоқ. Десе де ұлтты ұйыстырған алқалы жиында айтылған бастамалар өмірімізге ене бастағаны жасырын емес. Көз алдымызда қоғамдық құндылықтар жаңғырып, жаңа қадамдар жасалып жатыр. Президент реформаларының саясат, экономика, идеология бағытындағы үйлесімділігінің әсерін де ел сезе бастағандай. Жуырда ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин қазақтілді интернет басылым басшыларымен кездесу өткізіп, Ұлттық құрылтай аясында жүзеге асқан және алдағы уақытта жүзеге асатын бастамалар туралы тарқатып айтты.