Фото: gov.kz
Ол 1968 жылы Түмен облысында дүниеге келген. 1991 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын тәмамдап, кейін құқықтану мамандығы бойынша Яссауи атындағы Мемлекеттік халықаралық Қазақ-Түрік университетінің дипломын алды.
Еңбек жолын Алматы зооветеринарлық институтында бухгалтер, «Ақсай» оқу-тәжірибелік шаруашылығы жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы болып бастады, 20 жылдан астам мемлекеттік кірістер органдарының облыстық департаменттерінде жұмыс істеді және басқарды.
Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары әкімінің орынбасары, Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарды.
2023 жылғы шілдеден бері Қаржы министрінің кеңесшісі болды.
Төлеген Сәрсембаев салық және қаржы қызметінің үздігі болып табылады. «Құрмет» орденімен, «ҚР-ның Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «ҚР-ның Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.