Фотолар: Министрлік
Су ресурстары және ирригация министрлігінің хабарлауынша, бұл – сумен қамтамасыз етілген егіс алқаптарының көлемін ұлғайтуға және трансшекаралық өзендерге тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта филиал қарамағында 4 су қоймасы бар.
Ал Қаратал ауданында суару каналдарын жөндеу жұмыстары жалғастырылып жатыр, мәселен Күшік-қалпе магистральдық каналында ұзындығы 7 шақырым учаске механикалық әдіспен тазаланып, бетондау, дәнекерлеу жұмыстары, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстар мен гидробекеттерді жөндеу жүргізілді.