Қазақстан • 28 Мамыр, 2020
ForteMarket жаңа клиенттеріне 10 мың теңгеден береді
Forte Digital Week соңғы күні бизнес туралы және кәсіпкерлерге Forte-мен қалай көбірек қаражат табуға көмектесуге болатындығы туралы айтылды.
Парламент • 28 Мамыр, 2020
Сенаторлар парламенттік оппозиция мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады
Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысы өтті. Отырыс барысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы мен «Қазақстан Республикасы Парламентiнiң комитеттерi мен комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына парламенттік оппозиция мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңын қарап, қабылдады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 28 Мамыр, 2020
Түркістандық ұстаздар марапатталды
Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде мінсіз де белсенді еңбегімен көзге түскен бірқатар ұстаз марапатталды. Елде жарияланған карантин кезінде ұстаздар мектеп оқу бағдарламасын телеарна арқылы және онлайн режимде оқытуға көшкені мәлім. Ұстаздардың көмегімен 100-ге жуық бейне сабақ пен онлайн оқытуға арналған әдістемелер дайындалды.
Үкімет • 28 Мамыр, 2020
11 сала бойынша 230 үздік маман бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды
Бүгін Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Елбасының «Ел үміті» бастамасы аясында жүзеге асырылып жатқан және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын сапалы орындауға бағытталған Өзгерістерді басқару жөніндегі cалалық менеджерлерді даярлау бағдарламасының Басқарушы комитетінің отырысы өтті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Коронавирус • 28 Мамыр, 2020
Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 4800-ден асты
Қазақстанда тағы 59 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Нұр-Сұлтан қаласында – 17, Шымкент қаласында – 9, Батыс Қазақстан облысында – 5, Атырау облысында – 17, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Қарағанды облысында – 5, Қызылорда облысында – 1, Маңғыстау облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 2, Ақтөбе облысында – 1.