Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысы өтті. Отырыс барысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы мен «Қазақстан Республикасы Парламентiнiң комитеттерi мен комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына парламенттік оппозиция мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңын қарап, қабылдады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған заң жобалары Президент Қ.К.Тоқаевтың парламенттік оппозиция институтын қалыптастыру туралы тапсырмасын орындау мақсатымен әзірленген болатын.
Сенат Төрағасы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында Мемлекет басшысы саяси реформалардың алғашқы топтамасын жария еткенін атап өтті.
«Бүгін біз президенттік реформалар аясында әзірленген маңызды екі заң жобасын қабылдадық. Соған сәйкес еліміздегі демократиялық үрдістерді әрі қарай дамыту мақсатында қолданыстағы заңнамаға «парламенттік көпшілік» және «парламенттік оппозиция» ұғымдары енгізіліп отыр. Заңмен Мәжіліске сайланатын парламенттік оппозиция депутаттарының өкілеттіктері және олардың жұмысын қамтамасыз ету тетіктері нақты айқындалды. Мемлекет басшысының ұсынысымен қабылданған жаңа заңнамалық нормалар елімізде парламенттік оппозицияға кепілдікті қамтамасыз етеді және Қазақстандағы парламентаризмді дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.
Заң жобасына сәйкес Парламент Мәжілісінде депутаттық мандаттардың көбіне ие болған саяси партия немесе саяси партиялар – парламенттік көпшілік болып саналады.
Ал парламенттік көпшілікке енбейтін, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси мәселелер бойынша сол көпшілікке қарағанда өзге позиция ұстанатын Мәжілістегі саяси партия немесе саяси партиялар «парламенттік оппозиция» деп түсініледі.
Парламенттік оппозиция жекелеген мәселелер бойынша парламенттік көпшілікті қолдауы да мүмкін. Заң бойынша Парламент Мәжілісінің регламентінде көзделген тәртіппен бір сессия ішінде кемінде бір рет парламенттік тыңдау өткізуге бастама жасауға да құқылы болады.
Сонымен бірге, саяси партия фракцияларының басшыларына, ал олар болмаған жағдайда не олардың уәкілеттік беруімен саяси партия фракцияларының өкілдеріне Парламент Палаталарының бірлескен отырыстарында, Мәжілістің жалпы отырыстарында, тұрақты комитеттердің, жұмыс топтарының отырыстарында, парламенттік тыңдау мен өзге де іс-шараларда сөз сөйлеу құқығына заңмен кепілдік беріледі.
Құжаттың негізгі мақсаты – парламенттік оппозицияның құқықтық негіздерін іске асыру. Заң жобасының міндеттері:
- парламенттік оппозиция құқықтарын іске асыру;
- Парламент Мәжілісінің тұрақты комитетінің төрағасы, сондай-ақ тұрақты комитетінің хатшылары лауазымдарына парламенттік оппозициядан депутаттардың сайлануына кепілдік беру.
Заңға сәйкес, парламенттік оппозиция өз депутаттарының арасынан Парламент Мәжілісі тұрақты комитетінің төрағасы лауазымына кандидатуралар ұсынуға құқылы. Парламент Мәжілісіндегі тұрақты комитеттердің бірінің төрағасы парламенттік оппозициядан (ол бар болса) ұсынылған депутаттардың арасынан сайланады.
Одан басқа, заң жобасы арқылы парламенттік оппозицияға өз депутаттарының арасынан Мәжілістегі тұрақты комитеттердің хатшылары лауазымына кандидатуралар ұсыну құқығы беріледі. Парламент Мәжілісіндегі екі тұрақты комитеттің хатшылары парламенттік оппозициядан (ол бар болса) ұсынылған депутаттар арасынан сайланады.
Осы ретте парламенттік оппозиция депутаттарынан сайланған комитет төрағасы мен хатшылары әртүрлі комитеттерге сайланатынын атап өткен жөн.
Сонымен қатар отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң екі оқылымда қабылданды.
Заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген болатын. Құжат арқылы бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Онда тұрғын үй бағдарламалары бойынша жұмыс істеп тұрған «Қазақстан ипотекалық компаниясы», «Бәйтерек девелопмент» және «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» операторларын Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторына біріктіру көзделген.
Құжат құрылыс саласы субъектілерін ынталандыруды қамтамасыз етуге, ипотекалық кредиттеуді одан әрі дамытуға, тұрғын үй құрылысы операторының қызметін оңтайландыруға, жұмыс істеп тұрған операторлардың әкімшілік шығыстарын азайтудың есебінен бюджет қаражатын үнемдеуге бағытталған.
Бұл ретте құрылыс саласындағы субъектілерге қолдау көрсетуді, сондай-ақ, тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз етуді Бірыңғай оператор жүзеге асырады.
Заң жобасының қабылдануы еліміз халқын сапалы және жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік бастамаларды одан әрі іске асыруға, оның ішінде құрылыс саласына қолдау көрсетуге, тұрғын үй нарығындағы және ипотекалық кредиттеудегі сұраныс пен ұсыныстың теңгерімді өсуі үшін жағдай жасауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, отырыс барысында сенатор Ольга Перепечина капиталды сыртқа шығару мәселелеріне қатысты, ал сенатор Динар Нөкетаева аралас (оқыту тілі бойынша) мектептердің жұмысы жөнінде депутаттық сауалдар жолдады.
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Кеше
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Кеше
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Кеше
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Кеше
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Кеше
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Кеше
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Кеше
Ұқсас жаңалықтар