Аймақтар • 28 Мамыр, 2020

Түркістандық ұстаздар марапатталды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде мінсіз де белсенді еңбегімен көзге түскен бірқатар ұстаз марапатталды. Елде жарияланған карантин кезінде ұстаздар мектеп оқу бағдарламасын телеарна арқылы және онлайн режимде оқытуға көшкені мәлім. Ұстаздардың көмегімен 100-ге жуық бейне сабақ пен онлайн оқытуға арналған әдістемелер дайындалды.

Түркістандық ұстаздар марапатталды

Осы орайда облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рахымбек Жолаев өздерінің үздік іс-тәжірибелері мен біліктіліктерін ұштастыра төтенше жағдайға байланысты қабылданған білім беру әдісін меңгеріп, тиісті деңгейде атқарған мектеп мұғалімдеріне шынайы білдірді. Марапатқа ие болған оқытушылардың арасында Н.Оңдасынов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты математика пәнінің мұғалімі Самат Мамбетов, С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейі математика пәнінің мұғалімі Нұрбол Нұрлыбаев, №19 жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ғалия Омарова, №9 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ольга Аллашова сынды бірқатар мұғалім бар.

Сонымен қатар басқарма басшысы өңірдегі мектеп оқушыларының қашықтан білім алуына ақпараттық қолдау көрсеткен «Оңтүстік» телеранасының жүйелік администраторы Дидар Әубәкірұлына, компьютер графикасының дизайнері Мұқан Молдадосовқа, эфир-операторы Батырхан Ерсұлтанұлына алғыс білдірді.