Қазақстан • 25 Мамыр, 2018
Смағұл Сәдуақасұлы. Еріксіз жауап
Газетіміздің өткен №87 санында (14 мамыр, 2018 жыл) Серікқали Жақыпұлының «Ұлтшыл коммунист бола ма, жоқ па?» атты мақаласы жарияланған еді. Бұл сол мақалаға орай «Еңбекшіл қазақ» газетінің 1924 жылғы №177 санында жарияланған Смағұл Сәдуақасұлының «Еріксіз жауап» атты мақаласы.
Өнер • 25 Мамыр, 2018
Болат Аюхановтың қасірет шыңдаған мінезі
Аты-жөнінің өзі құбылысқа айналған белгілі өнер шебері, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Болат Аюханов қазақ даласын отыз сегіздің оты өртеп, топ-тобымен аждаһаның көмейіне тоғытылып жатқан тұста жоқтың орнын толтыруға жіберілген төлеу бала болып дүние есігін ашты. Отбасының басына түскен осы қасірет болмағанда қазақ өнеріндегі мықтылардың қатарына бүгінгі Аюханов келіп қосылар ма еді, жоқ па, ол жазмышқа ғана аян. Бірақ «халық жауының баласы» деген бір ауыз сөз Аюхановтың атақты болмауға амалын қалдырмағаны анық. Бүгінгі аты әлемге әйгілі Болат әкесі тірі болғанда, ешқашан Аюханов болмауы да мүмкін еді. Өйткені қасірет қайрап шыңдаған қазақтың дара тұлғасының Ғазиз Қуатов деген қайраткер әкесінің тегеурінді тегі тұрғанда, онымен жарыстырып басқа есім-сойды еншілеу соншалықты ақылға сыйымсыз еді...
Аймақтар • 25 Мамыр, 2018
2018 жылы Маңғыстау облысындағы 33 мектепте ІТ сыныптары ашылады
Мемлекет басшысының тапсырмасына сай қабылданған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қоғамның барлық саласында жан-жақты жүзеге асырылуда. Жергілікті әкімдіктердің назарында тұрған осынау мәселеге «Нұр Отан» партиясы да белсене атсалысып, білім беру саласын цифрландыру, мектептерде электронды күнделік жүйесін енгізу және бағдарламалау мен робот техника негіздерін тереңдетіп оқыту шараларын жүзеге асыруда. Аталған бағытта Маңғыстау облысында ІТ сыныптар мен ІТ мектептер ашу жоспарланып отыр.
Қазақстан • 25 Мамыр, 2018
Діни еркіндік пен бетімен кетушілікті ажырата білейік
Қазақта «Дінің тұрсын дін аман» деген ізгі тілекке негізделген, жамағат жиі айтып жүретін нақыл сөз бар. Осы нақылдың ішкі өзегіне тереңірек үңілетін болсаңыз, оның мән-маңызының қаншалықты жоғары екенін аңғармай қалуыңыз мүмкін емес.