Қазақстан • 28 Мамыр, 2020
Қырылмасақ, 40 миллион болар едік
Ұлт болып ұйысып, халық болып қалыптасқанша халқымыз не бір азап пен аштықты басынан кешірді. Тағдыр талайына атан түйенің белі қайысатын тауқымет жазыпты. Сөйтіп жүріп, аузына тістеп ұрпағын өсірді, ұшқан құстың қанаты талатын байтақ даласын қорғады. Егер де зұлматқа ұшырап, зардап шекпегенде, бүгін біз 40 миллион халық болған болар едік. Тіліміздің мұртын балта шаппайтын, жан-жағымызға қарап жалтақтамайтын күйге жетер едік.
Қоғам • 28 Мамыр, 2020
Биыл 131 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады
Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен селекторлық отырыста ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге дайындық барысы қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 28 Мамыр, 2020
Қазақстанда мыңға жуық Egov бұрышы ашылады
Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу ретін барынша ыңғайлы ету үшін ХҚО ғимаратынан тыс жерде өз бетінше қызмет алуға болатын алты жүзге жуық egov бұрыштары жұмыс істейді. Таяу арада тағы 400 бұрыш ашу жоспарланған. Онда компьютері немесе интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ қазақстандықтар электрондық үкімет порталында қолжетімді қызметтерді өздігінен ала алады. Бұрыштар облыс әкімдіктері, оқу орындары, медициналық ұйымдар, сауда және ойын-сауық орталықтарының ғимараттарында орналасқан.
Коронавирус • 28 Мамыр, 2020
Hyundai компаниясы Сovid-19 жұқтырған науқастар үшін арнайы жабдық сатып алды
Hyundai компаниясы бүкіл әлем бойынша коронавируспен күресуде көмек көрсетуде. Ғаламдық бастаманы қолдай отырып, «Астана Моторс» құрамына кіретін Hyundai Auto Kazakhstan» multi Filtrate жедел диализ жүйесін (Германия) сатып алуға 51 млн теңге бөлді және оны Нұр-сұлтан қалалық фтизиопульмонология орталығына тапсырды, деп хабарлады «Астана Моторс» баспасөз қызметі.
Қоғам • 28 Мамыр, 2020
Әскерге қабылданғандар ПТР тесттен өтеді
Әскер қатарына қабылданғандар 14 күндік карантинге алынып, тесттен өтеді. Бұл туралы Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы Амантай Өсербаев мәлімдеді.