Соңғы жылдары әлемдік экономикада өсім көлемі төмендеп, халықаралық сауданың даму қарқыны баяулағаны мәлім. Отандық сарапшылардың пайымдауынша, жаһандық саясаттағы қатынастардың күрделене түскеніне байланысты биылғы жылы да экономикалық көрсеткіштер көңіл көншітерлік деңгейге көтерілмеуі мүмкін.
Өнер • 25 Мамыр, 2018
Эцио Фриджерио «Достық» орденімен марапатталды
«Астана Опера» театрында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы халықтар арасындағы бeйбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ciңipгeн ерен еңбегі үшін қазіргі таңдағы ең атақты сценографтардың бірі – Эцио Фриджериоға ІІ дәрежелі «Достық» орденін тапсырды.
Медицина • 25 Мамыр, 2018
Көлгірсумен күн өткізудің аяғы құлдырауға апармай ма?
Елімізге келген шетелдіктердің дені ісін тындырып, кетерінде мақтап-мадақтап, арқадан қағып, «жайлы ел екенсіңдер» дегендей қолпаштау сөздерін айтып, жылы-жылы қоштасатынын көріп жүрміз. Әдемі сөздің әсеріне масаттанып, мәз боп, біз қаламыз. «Ақымақты мақтасаң қуанады» дегендей, шетелдіктердің бізге қатысты оңды пікірлерін есту әдетке айналғаны сонша, мадақ тыңдамасақ тұра алмайтын күйге жеттік.
Парламент • 25 Мамыр, 2018
Парламент Сенатының жалпы отырысында қандай мәселелер талқыланды?
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында депутаттар «2004 жылғы 18 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Орта білімді жаңғырту жобасы) ратификациялау туралы» заңдарды толық қабылдады.
Кино • 25 Мамыр, 2018
Сергей Дворцевой: Самал – шынайы сезімнің актрисасы
Биылғы Канн кинофестивалінің еліміз үшін бәсі де, бағасы да бөлек болды. Франция төрінде 71-ші мәрте ұйымдастырылған өнер додасы Самал Еслямованың арқасында жаһан назарын қазаққа бұрғызды. Режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» фильмінде басты рөлді кейіптеген өнер иесі «Үздік әйел рөлі» аталымында топ жарды. Бұл режиссер мен актрисаның алғашқы жұмысы емес. Осыдан тура 10 жыл бұрын жарыққа шыққан «Тюльпан» фильміндегі таланттар тандемі сол кездің өзінде-ақ Канн фестивалі сарапшыларын таңғалдырып, аталған кинокартина 2008 жылы «Айрықша көзқарас» аталымындағы жүлдеге лайық деп танылған болатын. Енді міне, араға 10 жыл салып өмірге келген «Айка» психологиялық драмасы да әйгілі кинофестиваль сарапшыларын бейжай қалдырмады. Таланттар тандемі тағы да жеңіс тұғырынан көрінді. Бір қызығы, күні кеше Еуропа масштабында мойындалған үзік актриса Самал Еслямованың шығармашылық биографиясына жазылған қос фильмнің екеуі де режиссер Сергей Дворцевойдың жұмысы екен. Небәрі 19 жастағы қаршадай қазақ қызының талантына, мүмкіндігіне сенім артып, шығармашылық бағын ашқан режиссердің пікірін білгіміз келіп, әңгімеге тартқан едік. Сөзі ғана емес, ісіне де мығым суреткер бүкпесіз ойын ортаға салды.