Қоғам • 28 Мамыр, 2020
Қазақстанда шашыраңқы склерозға шалдыққандар саны 2 мыңнан асты
Алдағы 30 мамыр күні дүниежүзі Халықаралық шашыраңқы склерозбен (ШС) күрес күнін атап өтеді. Осы дерттің алдын алу мәселелеріне орай, бүгін Алматыдағы Интерфакс-Қазақстан баспасөз орталығында БАҚ өкілдерімен онлайн брифинг өтті.
Аймақтар • 28 Мамыр, 2020
Шымкентте қоғамдық көлік жүйесінің жаңа концепциясы қабылданды
Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде қоғамдық көлік жүйесіне өзгерістер енгізу бойынша қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен жиын өтті. Онда «Astana LRT» компаниясы қала басшысына Шымкенттегі қоғамдық көлік кешенін модернизациялау бойынша жасалған тұжырымдамасын таныстырды.
Аймақтар • 28 Мамыр, 2020
Қарағанды облысы: Шет ауданындағы шаруаның ауқымы кең
Биыл Шет ауданына «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы 2020 жылға арналған жол картасы бойынша жалпы сомасы 990,8 млн теңге болатын 28 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы бойынша ауқымды жұмыстарға бөлінген қаржы қомақты, тек іске екі білекті сыбана кірісіп, жоспарды ойдағыдай жүзеге асыру ғана қалған.
Аймақтар • 28 Мамыр, 2020
Түркістан: ҰБТ-ға түлектердің 75,5 пайызы қатысады
Биыл Түркістан облысы бойынша 11 сыныпты 24658 оқушы бітірді. Коронавирус пандемиясына байланысты ҰБТ-ға өтініш беру рәсімі онлайн және дәстүрлі түрде жүргізілген. Облыс бойынша тестілеуге жалпы түлектердің 75,5 пайызы, яғни 18634-і өтініш беріпті. Өткен жылғыдан өтініш берушілер саны 7 пайызға көбейген.
Әлем • 28 Мамыр, 2020
Әлемдегі ахуалға шолу: Жапония елге келген туристерге күніне 185 доллардан төлейді
Бұл топтамада әлемнің 188 елінде тараған COVID-19 вирусына қатысты соңғы жаңалықтарды жариялап отырамыз. 28 мамырда Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 5 691 790, өлім саны - 355 629, айыққандар саны - 2 350 088 адам болды (жаңартылған уақыты 09:45).