Аймақтар • 04 Мамыр, 2020
65 тәулікке жоспарланған жоба 54 тәулікте аяқталды
Елдегі төтенше жағдай езінде «КазХром» мекемесінің мамандары қысқа мерзімде №4 балқыту цехының №43 пешіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп шықты. Бұл жағымды жәйт ферро хром өндіру ісінде жоғары көрсеткіштерге жетуге ықпал етпек. Маңызды жобаны алғашқыда Ресей мен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі мердігер компанияларға жүктеу белгіленген екен. Алайда Covid-19 пандемиясына байланысты мердігер компания жұмысты бастай алмайтындығын мәлімдеген.
Аймақтар • 04 Мамыр, 2020
Ақтауда жамбас сүйектері бірнеше жерден сынған жас жігітке сәтті ота жасалды
Бүгінгі таңда ауыр дене жарақатымен түскен науқас үйіне жіберілді. Оның денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ауруханасының травмотология бөлімшесінің меңгерушісі Есет Шахатбаев айтып берді, деп хабарлады Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Аймақтар • 04 Мамыр, 2020
Шымкенттен Мақтаарал тұрғындарына 30 арнайы техника көмекке жіберілді
Шымкент қаласынан Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекендерге авариялық-құтқару қызметі үшін 30 арнайы техника жіберілді.
Аймақтар • 04 Мамыр, 2020
Маңғыстау: ГМ-172/6 мекемесі қызметкерлері аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созды
Жаза басқанды жазалау ғана емес, түзету маңызды іс. Ізгі істер ұйымдастырудан Ақтау қаласындағы ҚР Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару комитетіне қарасты ГМ-172/6 түзету мекемесі сырт қалып жүрген жоқ. Олар, яғни аталған мекеменің қызметкерлері «Біз біргеміз» акциясы аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған көп балалы отбасыларға көмек қолын созып, азық-түлік түрлерін сыйға тартты.
Қоғам • 04 Мамыр, 2020
Адам зейнет жасына жақындаған кезде өткен өмір жолына бір бұрылып қарап, ұмытылмас оқиғаларды тағы бір ой елегінен өткізуге көңілі ауып тұрады екен.