Аймақтар • 27 Мамыр, 2020
Қарабалық құс фабрикасы өндіріс қуатын арттырады
Қостанай облысының Қарабалық ауданындағы «Poultry-Agro» құс фабрикасы өндірісті жаңғырту жұмыстарын қолға алды. Кәсіпорын мемлекеттік қолдау тетіктерін пайдаланып өндірістік қуатын арттыруды көздеп отыр. Жаңғырту жұмыстары аяқталған соң, серіктестік жылына 20 мың тонна құс етін шығара бастайды.
Видео • 27 Мамыр, 2020
Президенттің Ұлттық кеңес отырысында көтерген бастамалары (видео)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бүгінгі онлайн отырысында адами капиталдың негізгі бағыттарын дамыту мәселесіне тоқталды.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2020
Ақтауда «Атамекен қабылдауы» кабинеті ашылды
«Атамекен қабылдауы» кабинеті Маңғыстау облысы сотының ғимаратында орналасқан. Кабинет «Атамекен» ӨКП мүшелерінің және Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілдерінің қабылдауын өткізуге арналған, деп хабарлайды өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
Президент • 27 Мамыр, 2020
Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанынан Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2020
Рудныйда зейнеткерді тонаған қарақшы ұсталды
Кеншілер қаласында тұратын 72 жастағы зейнеткер әйел сағат түскі бірлер шамасында азық-түлік дүкенінен қайтып келе жатып, үйге кіреберісте қолындағы азық-түлік салынған пакетті белгісіз ер адамның жұлып алғанын айтып полицияға шағым түсірген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын дәл осындай бұзақылығы үшін сотталған 37 жастағы күдіктіні ұастайды. Алдын ала тергеу іс-әрекеттері күдіктінің зейнеткердің азық-түлікті сатып алғанын көріп, тонау мақсатында соңына түскені анықтады.