Аймақтар • 23 Мамыр, 2018
Ертіс өзенінің жағасында көне күн обсерваториясы болған
Осыдан төрт-бес ай бұрын Өскемендегі А.Пушкин атындағы кітапханада белгілі қылқалам шебері, «Егеменде» қызмет істейтін Айдарбек Ғазизовпен кездесу өткен-ді. Әріптесіміз кездесуге өзімен бірге кішкентайынан құлын-тайдай тебісіп бірге өскен, бүгінде осы қалада адвокат болып еңбек ететін сыныптасы Ерсін Молдамжаровты ерте келіпті. Ел, жер тарихына бей-жай қарамайтын, әңгімешіл кісі екен. Кездесу аяқталғаннан кейін әртүрлі тақырыптар жөнінде пікір алмасып, бір сәт әңгімеміз тарихи ескерткіштер жайына ойысқанда Ерсін ағамыз кезінде Күршім ауданы аумағында, Ертістің сағасында күн обсерваториясы болғаны, қазір ол су астында жатқаны туралы айтқанда елең ете қалған едік.
Қазақстан • 23 Мамыр, 2018
«Нұршашу» би ансамблі Еуропадан жүлдемен оралды
Жуырда Чехияның астанасы Прага қаласында «Таланттарға сәлем» жобасы аясында XIII халықаралық балалар фестивалі өтті. Аталған фестивальға елордадағы №54 мектептің талантты оқушылары да қатысқан еді. Оқушыларды бастап барған Мәншүк Мұсаеваның айтуына қарағанда, қаржы бөлу мәселесі қалалық білім басқармасында арнайы қаралып, оң шешімін тапты.
Қазақстан • 23 Мамыр, 2018
Астанада дауыл ескертуі жарияланды
«Қазгидромет» РМК мәліметінше 23 мамыр Астанада солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстан • 23 Мамыр, 2018
Өнер • 23 Мамыр, 2018
Астанада «Ұйғыр мұқамының сарыны» атты еске алу кеші өтті
«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының Камералық залында КСРО халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, композитор Құддыс Қожамияровтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Ұйғыр мұқамының сарыны» атты еске алу кеші өтті. Салтанатты кеште Құддыс Қожамияровтың төл туындыларымен қатар, өнер иесінің шәкірттері – белгілі композиторлар: Балнұр Қыдырбек, Хабибулла Сетеков, Серікжан Әбдінұров шығармалары орындалды.