Ақмола облысында солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с, кей жерлерінде 23-28 м/с, күндіз 15-20 м/с дейін күшейеді.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.
Астана ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынады:
- мұқият болыңыз, ауа райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағалаңыз;
- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, ЭЖЖ және сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;
- жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз;
- құрылыс объектілері қолайсыз ауа райы жағдайы әсерінен аумақтарды және тұрғындарды қорғау, құрылыс алаңдарында мүмкіндігінше құрылыс-монтаж жұмыстарына шектеу бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз!