Таным • 01 Мамыр, 2020
Ниет болса, тіл үйрену қиын емес
Қазақстанның қай азаматын болсын, шетелде қазақ деп қабылдайтыны рас. Жақында осылай сөзін сабақтаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы жерде тұрып жатқан халық, этностық топтар шындап келгенде бір ұлт болып саналатынын айтты. Ал біртұтас ұлт болу үшін тіл бірлігін нығайтудың маңызы зор. Бұл ретте мемлекеттік тілдің ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде орнығуына үлес қосып жүрген түрлі этнос өкілдері бар. Олардың бірқатарын сөзге тартып, сауалдама жүргізгенде бәрі бірауыздан ниет болса, мемлекеттік тілді меңгерудің қиындығы жоқ екенін алға тартты.
Қоғам • 01 Мамыр, 2020
Мені гректің қызы екен деп қалады...
Людмила Петровна Ифандопуло басқаратын облыстық «Эльпида» грек этно-мәдени бірлестігінің құрылғанына 21 жылдай уақыт өтіпті. Қазір «Эльпида» құрамында грек этносының 500-дей өкілі бар. Алексей Саруджиди, Константин Григориади, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Константин Чахалов, «Маргаритари» әйелдер клубының жетекшісі Татьяна Анистратова, Владимир Ифандопуло, Раиса Григориади, Ольга Пилипенко, Юрий Кутикиди және тағы басқалары осы бірлестіктің қалыптасуына көп үлес қосты.
Руханият • 01 Мамыр, 2020
Аққораға бауыр басқан Александр
Аққора – Қызылқоға ауданындағы елді мекен. Ал Александр осы ауылда тұратын беларусь ұлтының өкілі. Тегі – Стомма. Қазақ даласының бір қиырындағы шағын ауылды мекен еткеніне қырық жылдан асты. Осы ауылдың қызы Сәнжанмен шаңырақ көтеріп, бүгінде ұл-қыздарынан көрген немере-жиендерінің қызығына бөленіп отыр.
Руханият • 01 Мамыр, 2020
Мұстафа Шоқай және «Түркістан легионы» мәселесі
ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында және одан кейінгі кеңестік кезеңде халқымыздың біртуар ұлы, Түркістанның тұтастығы мен тәуелсіздігі жолында басын бәйгеге тіккен Мұстафа Шоқай жайында көптеген жалған ақпарат тарап, ұлы тұлғаға күйе жағылғаны белгілі. Большевизмнің қас дұшпаны ретінде билікпен ымыраға келмей шетел асқан Алаш арысына таңылған айыптар бұл кезеңде негізінен Түркістан легионы төңірегінде өрбитін еді. Бұл жайында тіпті, «социалистік реализмнің» аясында көркем шығармалар жазылып, қаралау науқанына түрлі бәйгелер беріліп жатты.
Қоғам • 01 Мамыр, 2020
Ел бірлігі, ел ынтымағы – баға жетпес құндылық. Осынау құндылығымыз барынша дәріптелер 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні биыл елімізде өзара көмек, қайырымдылық қадамдар жасау бағытында аталып өтпек. Оның басты себебі – елдегі төтенше жағдай режімі.