Парламент • 24 Мамыр, 2017
Сенат комитетінде халықаралық келісімдер қаралды
Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «2015 жылғы 8 қыркүйектегі «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015-2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
Әлем • 24 Мамыр, 2017
Тасмағамбетов Ресей патриархы Кириллге І дәрежелі «Достық» орденін тапсырды
Бүгін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллге I дәрежелі «Достық» орденін тапсырды. Бұл туралы елшіліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2017
Павлодарда Сұлтанмахмұт Торайғыровты еске алу күні өтті
Биыл өтетін «Бір ел – бір кітап» рухани-мәдени шарасы аясында Астанада өткен жиында зиялы қауым өкілдері «Жыл кітабы-2017» таңдауы бойынша ұсыныстарды талқыға салды. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі биыл ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқуды ұсынған болатын.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2017
Маңғыстауда «Kazakh Invest» ҰК филиалы құрылады
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Kazakh invest» ҰК акционерлік қоғамы төрағасының орынбасары Біржан Қанешев пен «KAZAKH INVEST» ҰК акционерлік қоғамының басқарушы директоры Александр Конопляныйды қабылдады.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2017
Атырауда «Даму» қоры арқылы 381 жобаға қолдау көрсетілді
Атырау облысында 42 мың кәсіпкер тіркелген. Жұмыспен қамтуда шағын және орта бизнестің үлесі 39 пайыз, бүгінде 129 мың адам осы салада еңбек етеді. «Даму» қоры арқылы алты жылдың ішінде 381 жоба қолдауға ие болды.