Университет • 25 Мамыр, 2024
Түлектер әлем елдерінде жұмыс істейді
NU Медицина мектебінің түлектері енді әлемнің қай жерінде болсын жұмыс істей алады. Себебі Еуразиялық жоғары білім беру және денсаулық сақтау сапасын аккредиттеу және кепілдендіру орталығынан «Медицина ғылымдарының докторы» бағдарламасы бойынша толық халықаралық аккредитация алды.
Білім • 25 Мамыр, 2024
Тарыдай болып кірген жерден интеллектуалдық тұрғыдан таудай болып шығу жолында бір жылдың үлес салмағы зор. Осы уақыт аралығында оқушы өзі байқап үлгермейтін бірнеше жетістікке жетеді. Сөйтіп, әр жыл сайын шыңдалып, қалыптасып келіп, он бір жылдан соң қанаттанып һәм қанағаттанып, алтын ұя мектебімен қоштасады. Бүгін де бәрінің назары – түлектерде. Ал 1-10 сынып аралығындағы оқушылар қандай сезімде екен? Айтпақшы, биыл олардың «соңғы қоңырауы» жылдағыдан өзгерек. Білім алушылар оқу жылын «Білімім – Отаныма» атты сынып сағаттарында қорытындылайды. Оқушылар гүл шоқтарын құшақтап, ата-аналар мен ұстаздар бал-бұл жайнап жүргені анық. Осы бір кереметті көзімізбен көрмекке Абай Құнанбайұлы атындағы 87-мектеп-гимназиясына арнайы келдік.
Білім • 25 Мамыр, 2024
Төрт мың ұл-қыз мектептен түлеп ұшты
Биыл Қостанай облысында 111 мыңнан астам бала кезекті оқу жылын аяқтайды. Оның 4 256-сы – 11 сынып түлектері. 138 озат «Алтын белгіден» үмітті. 261 оқушы үздік аттестат алуға талаптанып отыр. 24 мамырда өңірдің барлық мектептерінде «Білімім – Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2024
Тағы бір оқу жылы аяқталды. Биыл облыс бойынша 11-сыныпты 8 240 түлек тәмәмдап, 6–14 мамыр аралығында тестілеудің үшінші кезеңіне қабылданған өтінішке сәйкес олардың 89,7 пайызы ҰБТ-ға қатысады. Бесінші шілдеге дейін созылатын басты білім сынағында түлектер Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандарындағы тестілеу пункттерінде тест тапсырады.
Білім • 25 Мамыр, 2024
Бүгін елімізде соңғы қоңырау соғылады. Жалпы, осы 2023-2024 оқу жылын 3,8 млн оқушы аяқтайды. Соның 186 мыңы алтын ұя мектебімен қоштасып, үлкен өмірге қадам басады. Бір қуаныштысы, көбейіп келеміз. Өйткені былтыр оқу жылын 3,7 млн бала, мектепті 172 мың оқушы бітірген еді.