Өнер • 24 Мамыр, 2024
Күні кеше ғана Париж аспанында қазақтың әсем әні мен күміс күйі күмбірледі. Еуропа жұрты бұл жолы «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің концертін тамашалап, халқымыздың бай мұрасынан сусындап қайтты.
Тұлға • 24 Мамыр, 2024
Бүгінгідей алмағайып заманда табиғи қалпын бұзбай, адамдық асыл қасиеттерінен айнымай, уақыт желімен құбылып соқпай, жүзі жарқырап жүріп жатқан жайсаң азаматтар, алғадай ағалар арамызда баршылық. Сондай кісілігі мен кішіпейілділігін тең ұстаған, мені кем, алды кең азаматтардың бірі – белгілі қоғам қайраткері, саясаттанушы ғалым, байыпты болмысы мен ерекше зеректігі биік парасат-пайымы, рухани кемелдігі сай жарасқан зиялы тұлға Жапсарбай ҚУАНЫШЕВ.
Таным • 24 Мамыр, 2024
«Кереге қанат дала бүркіті көз ұшында қалықтап жүр» деп басталатын мәтінді ұмыта қойған жоқ шығар бүгінгі орта жастан асқандар? Жазушы Ілияс Есенберлиннің Алтын Орда трилогиясының бірінші томындағы бірінші сөйлем және бастапқы тарау осы қыран мен Бату ханның айқасының негізінде тартысты өрбиді. Қанаты керегедей бүркіт. Сонда киіз үйдің сұлбасы ұшқалы қомданған бүркіт пе деп қаласыз. Жиылып тұрған керегені жайып жіберсеңіз қанат болып шыға келеді. Десек те айтпағымыз басқа.
Тағзым • 24 Мамыр, 2024
Ұлттық академиялық кітапханада мемлекет және қоғам қайраткері, түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековтің шығармашылығына арналған «Бар байлығым – кітаптарым» атты дөңгелек үстел өтті. Шарапатты іс-шарада ұлт руханиятына өлшеусіз еңбек сіңірген Алаштың абыз ақсақалы өмір бойы жинаған кітап қорын салтанатты түрде кітапханаға табыстады. Белгілі публицист, әдебиеттанушы Сауытбек Абдрахманов модераторлық еткен жиынға елімізге танымал ғалымдар мен ақын-жазушылар, сондай-ақ абыз ақсақалдың музыкалық мұрасын насихаттап жүрген өнер иелері қатысты.
Қоғам • 24 Мамыр, 2024
Астанада өткен халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі көзі қарақты көпшілік көңілін көншіткен нағыз руханият мерекесіне айналды. Жан-жақтан жиналған ақын-жазушылар жұртшылықпен жүздесіп, жаңа туындылардың тұсауы кесілді. Қадірлі қонақтар арасынан кейінгі жылдары кеңінен танылған ресейлік талантты қаламгер Гүзел Яхинаны көріп қалған едік.