Қазақстан • 26 Мамыр, 2021
Кеше еліміздегі мектептерде соңғы қоңырау соғылды. Бұл – оқушылар үшін бір жылдық ізденіс пен талаптанудың қорытындысы, жаңа белеске қадам басудың белгісі. 1-8, 10 сыныптардың білім алушылары ұстазының үнін сағынатынын сезсе де, 3 айлық каникулдан кейін келетініне, кездесетініне үмітпен, уақытша қоштасқан шығар. Ал мектеп қабырғасына қайта келмейтінін, ендігі оқуын колледжде немесе университетте жалғастыруды жоспарлап отырған білімсүйер түлектердің (9, 11, 12 сыныптар) тұла бойын қимастық билегені анық.
Әлем • 26 Мамыр, 2021
Бүкіл елді қалай вакцинамен қамтамасыз ету керек?
ВАШИНТОН, КОЛУМБИЯ ОКРУГІ. Коронавирус пандемиясы барлық адам, соның ішінде кедей елдердің тұрғындары вакцинаға қол жеткізгенге дейін аяқталмайды. Дүние жүзінде жаппай екпе егу инфекциялардың таралуын тоқтатудан, адамдардың өмірін сақтаудан, өмірімізді қайта қалпына түсіруден мол үміт береді. Адамдар өздерін коронавирустан қауіпсіз сезінбейінше, қайта оқып, жұмыс істеп, саяхатқа шығып, әлеуетін пайдалана алмайды.
Әлем • 26 Мамыр, 2021
Цифрлы валюта шығарудың сәтсіз әрекеті
НЬЮ-ЙОРК. 2019 жылғы маусымда Facebook батыл мәлімдеме жасады. Бір жыл ішінде жаңа әлемдік валюта – Libra-ны іске қосатынын хабарлады. Жоспар бойынша трансшекаралық операцияларда ұлттық валютаға балама ұсынылып, банк қолданбайтын миллиардтаған адамға арналған төлем желісі жасалуы тиіс еді. Дижитал ақша негізін қатаң сақтаған Libra-ны Швейцариядағы қауымдастық шығаруы керек-тұғын. Сондай-ақ ұлттық валюта себетінде сақталып, дербес елдерге тәуелді болмауы тиіс еді.
Қазақстан • 26 Мамыр, 2021
Жұмыспен қамту – өзекті мәселе
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиялық жағдай және Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру барысы қаралды.
Қазақстан • 26 Мамыр, 2021
Ауылды жаңғыртуға бастайтын маңызды қадам
Мемлекеттің дамуын жеделдетіп, азаматтардың белсенділігін арттырудың бірден-бір жолы жергілікті билік өкілдерін сайланбалы ету дер едік. Бұл бағытта елімізде бірқатар жұмыс қолға алынуда. Мәселен, осы жылы ауыл әкімдерін сайлау басталады. Мұндай қадам ауылдың әлеуетін арттырып қана қоймай, ең алдымен ондағы тұрғындардың әл-ауқатын жақсартатын төте жол болмақ.