Аймақтар • 31 Мамыр, 2021
Екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз шаһары бұл күнде заман ағымымен қайта жаңғырып, жаңару үстінде. Бұл ретте көне қаланың көркін арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп, уақыт өткен сайын мұндағы тарихи нысандар тізбегі толығып отыр. Олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшелігі мен сәулеттік үлгісі қалыптасқан.
Өнер • 31 Мамыр, 2021
Әке-шешесі әлгінде қонаққа кеткен. Үйде жалғыз еді. Жарықтың жалп етіп сөнгеніне де жарты сағаттан асып барады. Зеріге бастады. Ұйқы да келер емес. Ақыры ұялы телефонның жарығымен түртінектеп жүріп түрлі-түсті қарындаштарын тауып алды. Ақ қағаз да қол созым жерден табылды. Ол сурет салу үшін үстелге келіп жайғасты. Бұл оның алғашқы туындысы болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 31 Мамыр, 2021
Ләйлі мен Мәжнүн, Зылиха мен Жүсіптің дастанын жата жастана оқимыз. Қапияда қаза болған Төлеген мен арманда кеткен Қыз Жібектің фильмін көріп әлі күнге дейін көзімізге жас аламыз. Бірақ көгілдір экранның сыртындағы бергі өмірді қаншалықты шынайы сүйіп жүрміз? Кіршіксіз сезім, ақ адал махаббат деген аяулы сезімдерді жылтыраған көзалдамшы ұсақ-түйектердің көлеңкесінде қалдырып кетіп жүрген жоқпыз ба? «Заманауи махаббат» (Modern love) сериалының кейіпкерлері сынды шынайы сезімдердің иесі, олар сөзсіз осы әлемде, осы күні, осы сағатта арамызда жүр. Олар деп отырғанымыз бейтаныстар емес, біздің өзіміз.
Қоғам • 31 Мамыр, 2021
Балалық бал дәурен – адам баласының сағынышы басылмайтын, ынтығы артып тұратын ыстық сезім. Уақыттың керуені кері бұрылса, кез келген пенденің періште пейілді пәк кезіне алып ұшары анық. Себебі ол сәттер – тазалық пен шынайылықтың шырайы бұзылмаған, келбеті кірлемеген, тұнығы лайланбаған шақ.
Қоғам • 31 Мамыр, 2021
Бұлар өзі өте мәдениетті жігіттер. Бір қарағанда қайырылған қалпағы, қару-жарағы, былғары етігі, көше сотқарларындай көзге оғаш көрінуі мүмкін, бірақ онда сол дәуірдің қолтаңбасы жатыр. Жеке ұлтқа тән жігер, есті ереже, ар алдындағы адалдық заң жүзінде бекіген әдет. Олар түз тағысындай еркін өмірдің емлесін сызған мырзакөңіл жандар. Ковбойлық дегеніңіз сәнді киіне салу емес, ол үлкен өнер. Жалғыздан жалғыз алып бұқамен алысу – өлімге өзің барып соқтыққаныңмен бірдей қарекет емес пе?..