Оқиға • 30 Мамыр, 2021

Берік Камалиев жүк тасымалдаушылармен кездесті

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы, Атамекен ҰКП мен Kazlogistics ҚКО өкілдері жүк тасымалдаушы жүргізушілермен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Берік Камалиев жүк тасымалдаушылармен кездесті

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында автожолдарда ақылы жүйені енгізу мәселесі талқыланды.

Жүргізушілер өздерінің ұсыныстарын жеткізіп, ақылы жүйені енгізуге байланысты пікірлерімен бөлісті.

Жауапты министрлік пен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бір апталық мерзімде барлық белсенділік танытқан азаматтардың ұсыныстарын қоғамдық қауымдастықтар арқылы қабылдауға дайын екенін жеткізді.

Қауымдастықтар барлық ұсыныстарды жинағаннан кейін ақылы жүйені енгізу мерзімі мен төлем мөлшерлемесі туралы бұйрықтардың жобасы қарастырылады.