Құжатта «QazVac» вакцинасын алған Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына екпе қабылдағаны туралы мәлімет талап ету бойынша қағаз тасығышта 2021 жылғы 1 маусымынан бастап берілетіні айтылған.
Қаулы бойынша мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарды коронавирусқа қарсы вакциналау үй-үйде ұйымдастырылатыны жазылған.
«Мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға үйіне барып, КВИ-ға қарсы вакцинация жүргізуді ұйымдастырады», деп жазылған қаулыда.