Спорт • 23 Маусым, 2020
Әлемнің бірінші ракеткасы, Балкан елдерінде Adria Tour турнирін ұйымдастырған Новак Джокович коронавирус жұқтырды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Солтүстік Қазақстанда елікке оқ атқандар ұсталды
Жуырда ен даланың еркесін көзі қиып атқандар рейдке шыққан табиғат қорғаушы полиция мен орман шаруашылығы қызметкерлерін көріп, жүре алмай көліктерін тастап, өздері орманға қашқан. Оқиға Шал ақын ауданының Минеевка ауылы маңындағы орманда болған. Машинадан екі мылтық және атып алған еліктің еті табылды. Полицейлер орманда қалдырылған "Лада" көлігінің иесі 31 жастағы Ортақкөл ауылының тұрғыны екендігін анықтады, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 23 Маусым, 2020
Трамп Қазақстанмен серіктестікті нығайтуға ниетті екенін мәлімдеді
АҚШ Президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған жеделхатында мемлекетті саяси жаңғырту бастамасындағы ынтымақтастыққа дайын екендігін мәлімдеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Әлем • 23 Маусым, 2020
АҚШ-та бір тәулікте 31 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды
АҚШ-та тағы 31 мыңнан астам адам індет жұқтырып, 400-ден аса науқас көз жұмды, - деп хабарлады Johns Hopkins University.
Елбасы • 23 Маусым, 2020
Ауғанстан президенті Елбасына тілектестік білдірді
Елбасы Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.