Аймақтар • 19 Маусым, 2017
Екібастұзда МәшҺүр Жүсіпке ескерткіш орнатылды
12 маусымда кеншілер қаласына 60 жыл толды. Осы мерейлі мереке бағдарламасына орай бір жыл бұрын облыстық мәдениет басқармасы ойшыл бабамыз Мәшһүр Жүсіпке арнап ескерткіш орнату үшін мүсіншілер арасында байқау жариялаған болатын-ды.
Қазақстан • 19 Маусым, 2017
Астанада әлем елдерінен келетін 1000-нан астам делегат энергетика мәселесін талқылады
19 маусым күні Астанада «Болашақтың энергиясы: инновациялық сценарийлер және оларды жүзеге асыру әдістері» тақырыбындағы инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік конгрессі басталды. Конгресс Қазақстанда ғана емес, жалпы Орталық Азияда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.
Аймақтар • 19 Маусым, 2017
Астанада бірнеше мамандық тегін оқытылады
Астана қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға топтарды құрау үшін қосымша жазылу жүргізіп жатыр.
Әлем • 19 Маусым, 2017
Полиция: «Лондонда көп қабатты үйдегі өрттен 79 адам қаза болды»
Лондон полициясының болжамынша, Grenfell Tower көп қабатты үйінде болған өрттен кемінде 79 адам қаза тапқан. Алайда, бұл деректе із-түссіз жоғалғандар да қоса қамтылып отыр, деп хабарлайды BBC-дің ресейлік қызметі.
Аймақтар • 19 Маусым, 2017
Қарағанды облысының 40-тан астам нысаны Қазақстанның киелі жерлері картасына енуі мүмкін
Қарағанды облысының тарихи оқиғаларға бай мекендері еліміздің киелі жерлер картасында белгіленуі мүмкін.