![Полиция: «Лондонда көп қабатты үйдегі өрттен 79 адам қаза болды»](/article_photo/1497869648_article_b.jpeg)
Полиция қирандылар астынан із-түссіз жоғалғандар қатарына жатқызылған тағы бес адамның мәйіті табылғанын жеткізді.
Құқық қорғаушылар өрттен қаза болғандар саны әлі де өзгеретініне сенімді. Олардың айтуынша, өртенген ғимарат ішінен адамдарды алып шығу операциясы кемінде бірнеше аптаға жалғасады.
Солтүстік Кенсингтон ауданында орналасқан 24 қабатты Grenfell Tower ғимаратындағы өрт маусымның 13-інен 14-іне қараған түні орын алды. Жергілікті билік өкілдері өрт кезінде ғимаратта 600-дей адам болуы мүмкін екенін алға тартады.
Апатпен күресуге 200-ге жуық өрт сөндіруші, 40 техника жұмылдырылды.
Өрттің шығу себебі әзірге анықталған жоқ.