Театр • 19 Маусым, 2017
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Астана Опера» театры «Қазақ әуендерімен» бірлесіп, Бейбітшілік және келісім сарайының алдында Дж.Вердидің «Аида» операсын сахналады.
Аймақтар • 19 Маусым, 2017
Шымкентте ашық аспан астындағы мұражай бой көтермек
Шымкент қаласындағы ескі қалашықта ашық аспан астындағы мұражай болады. Қалашықтың тағдыры жөніндегі мәселе соңғы бірнеше жыл бойы қозғалып келген еді. Енді, міне, арнайы бағдарламаның нәтижесінде бұл тарихи ескерткіш туристер мен көненің көзіне қызығатын жандар үшін ерекше орынға айналмақ. Көне қалашық маңында соңғы ондаған жыл бойы салынған құрылыс нысандары сүріледі. Олардың орнына қорған-қабырға соғылатын болады.
Ақтөбе облысында тілшілік қызметте жүрген әріптесіміз Темір Құсайын "Егемен Қазақстан" менің бәйтерегім деп жүрген тегеурінді журналистердің бірі.
Кез келген ғылым саласында «тұлға» мәселесінің де өзектіленуі осы кезеңге тікелей қатысты. Қазақ ғылымының ғылыми айналымына әлдеқашан еніп кеткен «элиталық тұлға» ұғымының түпкі мәні «элита» сөзі білдіретін мәнімен тікелей байланысты. Француз тілінен аударғанда «күшті», «таңдаулы», «іріктелген» деген мағынаны білдіретін «элита» сөзінің түсінігі де әртүрлі. Элитаға тиесілі деп саналатын әрекет, өнімділік, белсенділік Асқар Алтынбекұлы Құлыбаевтың бала кезінен басталып, өмір белестерінің қай кезінде де серік болған.
Аймақтар • 19 Маусым, 2017
Петропавлда газ бағасы көтерілмек
«Горгаз-Сервис» ЖШС басшылығы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментіне газ бағасын 19,8 пайызға көтеру жөнінде өтініш жасап отыр.