Ауыл • 19 Маусым, 2023
Астанада Ұлттық агроқозғалыстың ұйымдастыруымен «Малшылар күні» мерекесіне арналған «Жыл қорытындысы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Ауыл шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, Мәжіліс депутаттары, сала мамандары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Өнім • 19 Маусым, 2023
Маңғыстау өңірінде «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында жалпы құны 35 млрд теңге болатын 912 жоба мақұлданып, 247 жұмыс орны сақталған, 424 қосымша жұмыс орны құрылды. 2023 жылдан бастап жұмыспен қамту аясында жас кәсіпкерлерге 2,5%-бен несие беру басталған болса, осы бағытқа республикалық бюджеттен 815 млн теңге қаражат бөлініп, 163 жас кәсіпкерге төмендетілген пайызбен несие беру жоспарланды. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» қанатқақты бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен 1,2 млрд теңге қаражат бөлініп, бағдарлама аясында 237 жобаны қаржыландыру жоспарланған.
Төтенше жағдай • 19 Маусым, 2023
Елордадағы өрт 21:09-да оқшауланды. Өрттің жалпы ауданы 80 га аумақты құрады. Зардап шеккендер жоқ, өртті сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай • 19 Маусым, 2023
Астанадағы өртті сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр
Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері 15 гектар аумақта құрғақ жердегі өртті сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 19 Маусым, 2023
Сұлулыққа құштар әйел қауымы жас көріну үшін небір қымбат-қымбат жақпа майлар мен опа-далаптан ақша аямайды. Алайда танымал жапон әйелі өзінің 55 жасында жас көрінуінің құпиясы қымбат өнімді тұтынудан бұрын, салауатты өмір салтына негізделетінін айтады.