Масако Мизуатанидің тері күтіміндегі үш ережесі.
1. Терінің ерте қартаюының алдын алып, саулығы мен әдемілігін сақтау үшін көкөністер мен жемістерді күнделікті ас мәзіріне қосу бірінші қағида. Әсіресе қырыққабат, брокколи, грек жаңғақтарын қосқан абзал.
2. Жас ұлғайған сайын беттегі бұлшық еттер әлсіреп, қабақ, иек, ұрт терілері салбырай бастайды. Масако Мизуатани онымен күресу үшін жапон массажын ұсынады. Массаж бағыттары жоғары қарай бағытталады. Сонымен қатар саусақ ұштары мен табанға массаж жасауды да ұмытпау керек.
3. Күн сайын таза ауада демалып, күнделікті жаттығуларды тастамау тез қартаюдың алдын алатын қарапайым фактор. Сондай-ақ нәзік жандыларды уайым пен жаман мінез құлықтардан алшақ болуға шақырады.
Жан саулығы - тән саулығы. Ішкі дүниеңіз сау болса, сыртыңыз да сау болатынын ұмытпаңыз.
Тұмар ҚАЙРАТҚЫЗЫ,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті