Әлем • 18 Маусым, 2019
Ынтымақтастығымыз нығая береді
Елдегі жоғары мемлекеттік лауазымға кәсіби дипломат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайланғанына шын жүректен қуаныштымын. Қазақстан тәжірибелі саясаткер, интеллектуал, полиглот жаңа басшысымен дамудың жаңа кезеңіне өтеді деп сенемін.
Президент • 18 Маусым, 2019
Жаңадан сайланған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ант беру рәсімінде сөйлеген сөзінде өзіне зор сенім көрсеткен барша қазақстандықтарға алғыс айтып, бұл жеңіс бүкіл халқымыздың жеңісі екенін, біз бәріміз болып еліміздің алға даму жолын айқындап алғанымызды атап көрсетті.
Қоғам • 18 Маусым, 2019
Халықаралық жағдайларды терең сезінетін тұлға
Президентті ресми ұлықтау рәсімі еліміздің тәуелсіздік тарихындағы жаңа бір кезеңнің шымылдығын ашты. Мемлекет басына жаңа буынның өкілі келді.
Аймақтар • 18 Маусым, 2019
Қоғамға қат мамандықтарға оқытады
Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан бағдарламалар «екі қолға – бір күрек» іздегендерге керегін беріп жатыр. Қызылордада «Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы» жұмыссыз жүрген, бірақ лайықты мамандық іздеген жастарға мамандық беру үшін қысқа оқыту курстарын жүргізіп келеді. Жетпіс екі сағатқа негізделген қысқа курс бұл жолы «Аспаз», «Сату және сатып алу менеджері» мамандықтарына жиырма жасты оқытып, қолдарына сертификат берді.
Аймақтар • 18 Маусым, 2019
Теңізді ластау қашанға дейін жалғасады?
Каспий теңізінің экологиясы – аса маңызды мәселе. Теңіз бетінде немесе жағалауда орын алған кез келген құбылысты, жағдайды халықтың қалт жібермейтіні сондықтан.