Жәдігер • 19 Маусым, 2024
Берлиндегі Түркістан студенттері
Бұл – тың әрі ойландыратын сурет. Оны қазір жүйелі жобаларды бастаған өзбек жәдиттерін (жәдит – патшалық Ресей түркі-мұсылмандары біліміндегі жаңашылдық) зерттеу орталықтары мен өзіміздің «Qyr balasy» қоры жариялаған материалдардан көруге болады. Бұл фото Германияда 20-жылдардың басында түсірілген. Тың екенін – ортасында Ғазымбек Бірімжан бастаған Алаш зиялыларының екінші толқыны өкілдері тұрғаны, ал ойлы екенін – Орталық Азия жас оқығандарының, соның ішінде екі бойжеткенінің бейнесі хатталып қалғаны аңғартады. Бәрінің жүзінен зиялылық еседі.
Спорт • 19 Маусым, 2024
Ресейлік Егор Агафоновпен жұптасып өнер көрсетіп жүрген Григорий Ломакин Тунисте өтіп жатқан ITF M15 санатындағы турнирде қатарынан үшінші мәрте жеңімпаз атанды. Соңғы жарыстың финалында олар Пауло Сарайва Дос Сантос (Бразилия)/Крис Ван Вик (ОАР) жұбын 6:3, 6:3 есебімен ұтты. Бұл Қазақстан теннисшісінің спорттық мансабындағы 26 титулы.
Экология • 19 Маусым, 2024
Қоршаған ортаны қорғауға ғылыми көзқарас қажет
Бір гектар орман тәулігіне 280 кг көмірқышқыл газын сіңірсе, орташа мөлшердегі бір ағаш күніне үш адамның тыныс алуы үшін қажетті оттегін қалпына келтіреді. Жасыл желектің пайдасын жүзеге асыру үшін ағаш отырғызу жобаларының мұқият мақсат қою мен жоспарлаудан бастап баптау мен бақылауға дейін жеткілікті уақыт шеңберін қамтуы маңызды. Әйтпесе, еткен еңбек, жұмсалған энергетикалық және қаржылық ресурс босқа шығын болуы мүмкін.
Аймақтар • 19 Маусым, 2024
Өңір басшысы Ермек Көшербаев пен «Оst Fish» ЖШС басшылығының арасындағы кездесуде Зайсан-Ертіс бассейніне бекіре балығын жіберу жөнінде ұсыныс айтылған. Өткен аптада бұл іс жүзеге асып, Қара Ертіске Сібір бекіресі жіберілді. Айта кетейік, ерте кезде Қара Ертісте бекіре балығы мекен еткен.
Аймақтар • 19 Маусым, 2024
Өткенге көз жүгіртіп, көңіл таразысына салып безбендеп көрсеңіз, қазақ жоқ іздеген жолаушы іспетті. Тасқа басылған тарихы көмескіленіп көрінбей қалғаны да рас. Абай тойы қарсаңында ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы той тойлау емес, ой ойлаудың басты орында екенін ерекше айтқан-ды. Биыл хакім Абайдың әкесі қоғамға қозғау саларлық ақылы асқан қайраткер тұлға, «мырза», «қажы» атанған Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойы. Ел мерейін өсіріп, алыс-жақын ағайынның басын қосып, Өскенбай баласының тойы өтті Абай елінде.