Сұхбат • 19 Маусым, 2024
Басты міндет – ел сенімін ақтау
Таяуда «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының съезі өтеді. Жиынға елдің түкпір-түкпірінен делегаттар қатысады. Осыған орай партия төрағасы Серік Егізбаевтан аталған жиынның жай-жапсары туралы сұрап білдік.
Мәселе • 19 Маусым, 2024
2016 жылдан бері қолданыстағы утильалым жүйесі туралы мәселе ушығып тұр. Алымға қатысты дау қоғам арасында жиі талқыланады. Тіпті петиция жарияланып, 50 мың адамның қолы қойылған құжат Үкіметке жолданып, өткен аптаның соңында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арнайы жұмыс тобын құруға мәжбүр болды. Құрамында депутаттармен қатар, Үкімет мүшелері, қоғам белсенділері мен өнеркәсіп өкілдері және петиция бастамашылары қатарынан «Республикалық қайталама металлургия өнеркәсіпшілер одағы» ассоциациялары, дербес автомобиль одағы және «Әділдік үшін» ҚҚ өкілдері бар.
Қоғам • 19 Маусым, 2024
Мемлекеттік қызмет: Біліктілікке жету жолы
Жаңа әрі жылдам құбылмалы өмір жағдайында әрбір мемлекеттік орган білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын әрі жаңа талап межесінен көріне алатын кәсіби шебер мемлекеттік қызметшілерді қажет ететіні сөзсіз.
Аймақтар • 19 Маусым, 2024
Қарағандыда медицина саласындағы кадр жетіспеушілігін жойып, білікті дәрігерлерді жан-жақты қолдау арқылы өңір медицинасын өркендетуге басымдық беріліп келеді. Мәселен, өткен жылы медицина қызметкерлерінің күні қарсаңында ауылға барып, қызмет ететін ақ халатты жандарға 1,5 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін сертификат табысталды. Ал күні кеше жас дәрігерлерге баспана кілті салтанатты түрде берілді.
Сараптама • 19 Маусым, 2024
Дүниежүзілік экономикалық форум маусым айында жаһандық гендерлік алшақтық туралы жыл сайынғы есебін жариялады. Алғаш рет 2006 жылдан бері жарияланып келе жатқан есептің биылғы шығарылымы 146 мемлекетті қамтыған. Оның 102-сі жыл сайынғы есепте үзіліссіз талданып келеді.