Футбол • 22 Маусым, 2020
Британияның The Mirror басылымы Ағылшын Премьер-лигасындағы ең нашар жаттықтырушылардың рейтингін жариялады.
Білім • 22 Маусым, 2020
Жоғары білім індеттен соң ілгерілеуге тиіс
Дүние жүзінің жоғары оқу орындары қашықтан оқуға ойланбастан көшіп үлгерді, бірақ осы жүйе кейбір елдерде сәтті басталса, кейбір елдер үшін аса қиындық тудырғаны бәрімізге аян. Оның ішінде еліміздегі жоғары оқу орындарының жалпы жағдайы қалай, қалай болмақ деген сұрақ туындайды.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Көкарал бөгетіне неміс құрылғысы орнатылды
Арал теңізіндегі Көкарал бөгеті 2006 жылы САРАТС жобасы аясында пайдалануға берілген. Ұзындығы 13 шақырымдық тоспа салынғаннан кейін кіші теңіздегі су деңгейі көтеріліп, тұздылығы төмендеді. Теңіз кемерінен шегінген сәттен бастап азая бастаған балық түрлері қайта көбейіп, байырғы жұрт атакәсіпке оралды.
Білім • 22 Маусым, 2020
Жыл сайын жаз айларында өткізілетін негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу уақыты жақындағанда талапкерлерге рұқсат етілмеген заттарды қолдануға жол бермеу жөнінде жиі айтып, адалдыққа үндейміз. Оқушыларын жоғары сыныптан бастап болашағы шешілетін маңызды тестілеуге дайындап жүрген мұғалімдер де шәкірттерін әділ жолмен биікке жетуге шақыратыны анық. Ал сол педагогтердің өзі түрлі қитұрқы әрекетке барып, заңды белден басса не болады? Осындайда «тұз сасыса не себеміз?» дейтін салмақты сұрақ ойға оралады.
Қоғам • 22 Маусым, 2020
Жұмысы бірдей, жалақысы әртүрлі...
Атыраудағы жобаларға жұмысқа тартылған шетелдік жұмысшыларға бірнеше есе көп жалақы төленетіні жасырын емес. Ал, қазақстандық мамандар олардан әлденеше аз еңбекақы алады. Бұл мәселе көптен бері қозғалып жүр. Тіпті былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге келген сапарында бұл мәселеге айрықша назар аударған еді. Содан бері жалақы айырмашылығын жою үшін не істелді?