Қоғам • 22 Маусым, 2020

Жұмысы бірдей, жалақысы әртүрлі...

822 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Атыраудағы жобаларға жұмысқа тартылған шетелдік жұмысшыларға бірнеше есе көп жалақы төленетіні жасырын емес. Ал, қазақстандық мамандар олардан әлденеше аз еңбекақы алады. Бұл мәселе көптен бері қозғалып жүр. Тіпті былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге келген сапарында бұл мәселеге айрықша назар аударған еді. Содан бері жалақы айырмашылығын жою үшін не істелді?

Жұмысы бірдей, жалақысы әртүрлі...

Рас, шетел инвесторла­ры өңір эконо­мик­асына, әсі­ресе мұ­най-газ өнеркәсі­біне қомақты инвестиция салып отыр. Соны сылтау ете ме, ше­тел компаниялары инвестициямен бірге, өз маманда­рын да қоса әкелуді қолай кө­реді. Өйткені инвесторлар қазақстандық мамандардың біліктілігін төмен санайды-мыс. Шыны­мен солай ма?

– Біз былтырдан бері 30-дан асатын шетелдік жұмысшыла­ры бар 43 ком­панияға жүргізілген тексеру кезінде 400-ден астам заң бұзушылықты анықтадық. Сонымен бірге 16 кәсіпорын­да шетелдік және жергілікті қыз­мет­керлерге еңбекақы төлеуде 109 сәйкессіздік фактісі расталды, – дейді облыстық мемле­кет­тік еңбек инспекциясы басқар­ма­сы­ның басшысы Игілік Әубәкіров.

Оның айтуынша, тексеру қорытын­дысымен 264 әкімшілік іс қозғалып, заңсыздыққа жол берген компанияларға 88,6 млн теңгеден астам айыппұл са­лыныпты. Заң бұзатын компа­ниялардың дені «Теңіз» кен орнындағы жобаларға мерді­герлікке тартылған. Жұмыс бе­ру­шілер жұмысшылардың тұрмыстық жағдайын жақ­сартуға мән бермейді. Ал жа­лақы төлеу­де әділдік салтанат құрмай, алшақтықты 10 есеге дейін өсіріп жібереді.

– Мәселен, 28 күндік вахта­лық ауысыммен жұмыс істеген қазақстандық инженерге 700 мың теңге жалақы төленген. Ал дәл сондай лауазымда жұмыс істеген шетелдік инженер 3 млн теңгеден астам жалақы алған, – дейді басқарма басшысы Игілік Әубәкіров.

Міне, шетелдік пен қа­зақ­стандықтың атқаратын жұ­мы­сы бірдей болғанмен, жала­қы­дағы алшақтық жер мен көк­тей. Жұмыс беруші тарапынан осындай алалау болған соң, әрине шетелдік жергілікті жұмысшыға шекесінен қа­рай­ды. Тіпті қазақстандыққа қа­рағанда, шетелдікке жасалған тұрмыстық жағдай әлдеқайда жоғары екені анықталған.

– Мұндай кемшіліктерге байланысты жұмыс берушілерге арнайы мер­зімде оны жою туралы талап қойылды. Жұмыс беруші мәселені қандай әдіс­пен шешетінін өзі біледі. Біз үшін маңыз­дысы – талаптың орындалуы, –дейді Игі­лік Әубәкіров. – Кейбір компания­лар жұмыс­шылардың жалақысын төлеу­дегі сәйкессіздікті теңес­тірді. Енді бірі ше­телдік қызмет­кер­лерді жұмыстан шы­ғарып жіберді. Өзіміз анықтаған фак­тілер бойынша талабымыз орын­далды. Біз мәселені алда да бақылауда ұстаймыз.

Басқарма тарапынан жүр­гізіл­ген тексеріс­тен кейін ше­тел­дік 262 азаматтың рұқсат қа­ғазы кері қайтарылыпты. Ал ел аумағынан шығарылған шетелдік 212 маманның арасында 43 ұлыбританиялық, 24 түркиялық, 33 түрікменстандық бар. Сондай-ақ былтыр Аты­рауға шетелден 17 мың маман жұмысқа тартылса, биыл шетелдік жұмыс күшіне бе­рі­летін квота 40 па­йызға тө­мендетіліп отыр. Қа­зір мұнайлы өңірде әлемнің өзге елдерінен 10567 маман тартылған.

– Шетелдік үлесі бар меке­мелер­ге жыл сайын жос­пар­лы тек­серу жүр­гізіледі. Олар­ға қо­йы­­латын негізгі талап – ше­­тел­дік жұмыс­шы санын 30-дан асырмау. Облыс әкі­мінің өкімімен екінші жарты­жылдықта тексерілетін ком­­паниялар тізімі бекітілді. Өт­­кен жылы олқылыққа жол бер­ген компаниялар қайтадан тек­сері­леді. Басты мақ­сатымыз – кем­сіту­шілік пен теңсіздікке жол бермеу, – дейді облыстық мем­лекеттік инспек­ция бас­қар­­масының басшысы Игілік Әубәкіров.

 

АТЫРАУ