Аймақтар • Бүгін, 18:15

Ұлытауда креативті хаб ашылды

16 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып, жергілікті креативті экономика өкілдерін қолдауға бағытталған. Жезқазғанда ULYTAU CREATIVE HUB креативті хабының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұлытауда креативті хаб ашылды

Фото: gov.kz

Мұнда оларға барлық қажетті цифрлық және шығармашылық жағдай жасалған. Аумағы 400 шаршы метр болатын ғимарат – 3D модельдеу, зергерлік өнер, ұлттық киім, кескіндеме залы, домбыра-қобыз жасау шеберханалары секілді 13 тақырыптық зертханалардан тұрады.

Қазіргі уақытта хабта 30 шебер жұмыс істейді, алаңның мүмкіндіктерін кез келген адам пайдалана алады.

Ұлытау облысының креативті орталығы бірыңғай инфрақұрылымы, қолдау және көмек құралдары бар республикалық экожүйенің бір бөлігіне айналады.