Қоғам • 28 Маусым, 2019
Халқымызда «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартады» деген қанатты сөз бар. Мұны Арыс қаласындағы қару-жарақ қоймасының жарылуына байланысты әлеуметтік желілерде алыпқашпа әңгімелерді қарша боратып, сапырып жатқан адамдарға байланыстырып айтуға болады. Себебі отандастарымызды бір үйдің балаларындай жұмылдырған төтенше оқиға салдарына құлақ тігіп, алаңдап отырған ағайынды «сұмдық» ақпараттармен үрейлендірушілерді «етектен тартатын бөрі» демеске лажың жоқтай.
Аймақтар • 28 Маусым, 2019
Апат болған қаладағы ағайын үйлеріне оралады
Арыстағы апатқа төртінші күн. Елдігіміз сынға түскен, сыналған ауыр күндердің аяғы көңіл демеген жаңалыққа ұласып келеді. Ақмешітке жиналған арыстық ағайынның жанайғайын, мұң-зарын, талап-тілегін ескерген өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев «эвакуацияланған тұрғындарды Арыс қаласына қайтып көшіреміз», деді.
Қоғам • 28 Маусым, 2019
Борыш жүктемесі қалай жеңілдетілмек?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірқатар әлеуметтік санаттағы азаматтардың қарыз жүктемесін жеңілдету жөніндегі Жарлығы қазақстандықтардың ертеңгі күнге сенімін еселей түсті. Соған қарамастан аталған мәселенің байыбына бармай, қоғамда әртүрлі алыпқашпа әңгімелердің де қаулай беретіні түсінікті. Сондықтан мемлекет тарапынан жасалып отырған қамқорлық туралы ақпараттандыру өте өзекті мәселе. Біз қолда бар деректерге сүйеніп, қоғам тарапынан болуы мүмкін ықтимал сұрақтарға аз-кем тоқтала кетуді жөн көрдік.
Руханият • 28 Маусым, 2019
Сұлтан Раев: Азия әдебиетінің алтын дәуірі келе жатыр
Қазақ оқырманы мен көрермені үшін Сұлтан Раев есімі «Меккеге қарай ұзақ жол» әфсанасы арқылы жақсы таныс. Қырғыз қаламгерінің аталған туындысы бірнеше жылдан бері театр сахналарында үздіксіз қойылып, талай көрерменнің ыстық қошеметін еншілеп келеді. Енді, міне, қазақ оқырманына «Жанжаза» романы арқылы жазушылық әлемінің де есігін айқара ашып берген суреткер сәті түскен сұхбатымызда шығармашылық шеберханасының қыр-сыры мен қоғамдық ойларын ортаға салды.
Руханият • 28 Маусым, 2019
Жасандылықтан аулақ болған абзал
Мақұлданған емле ережелерінің төрт тармағына тиесілі ұсыныспен шектелмекпін. Олай болса, 11-тармақтың (Сөздер бірыңғай жуан не жіңішке үндесіммен жазылады: azamat, yntymaq, bosaǵa, turmys; ásem, memleket, izet, úmit, sóılem.) ескертуіндегі: «Кейбір кірме сөздерде үндесім сақталмай жазылады: quzіret, qudіret, muǵalim, qyzmet, qoshemet, aqіret, qasıet, qadir, kitap, taýqіmet, qazіret» деген ережеге мынадай ұсынысым бар: - құзыр мен құдырдың төркіні бір. Сондай-ақ ақыр, қазыр қош, қадыр сөздері – жуан буынды сөздер. Мұғалім деп жазып жүрген арабтекті сөзді морфемаға жіктесек, мұғалым болып шығады. Кітап сөзі кезінде китаб деген араб сөзін бұзбау ниетінен шыққан, қазақшасы кітәп болады, соңғы буында «ә» келетін сөздер (кінә, куә) сияқты қолданылады. Сондықтан бұларға ереже үндестікке бағынбайтын қосымша жалғануы ретінде тағайындалуы қажет. Сонда бұл сөздер құзырет, құдырет, қошамет, мұғалым, ақырет, қадыр, кітәп, тауқымет, қасырет болып жазылмақ.